-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Мемлекет басшысы елде волонтерлік қызметті дамыту жолдарын ұсынды

    21.06.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Идеология, Құқық-заң, Мәдениет, Саясат, Социум, Үкімет
    Мемлекет басшысы елде волонтерлік қызметті дамыту жолдарын ұсынды

    Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Елордада өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумына арнайы қатысып, сөз сөйледі. Жиында өз өмірін өзгелерге арнап, альтруизмнің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген жандарды Президент бейбітшілік пен мейірімнің шын елшісі деп атады. 20 маусымда басталған форумға халықаралық ұйымдардың өкілдері, еліміздің әр өңірінен және шет елдерден еріктілер арнайы келді. Форумның екінші күні сөйлеген Қазақстан президенті еліміздегі волонтерлік қызметтің ауқымы кеңіп, жан-жақты дамып келе жатқанын, енді қазақстандық еріктілер халықаралық қозғалыстарға белсенді қатысуы қажет екенін айтты.

    «Бүгінгі форумға еліміздің әр түкпірінен және шет елдерден еріктілер арнайы келіп отыр. Халықаралық ұйымдардың өкілдері, мәртебелі меймандар қатысып отыр. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Кешеден бері өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салды, ұтымды ұсыныстар айтты. Тиімді жобаларын таныстырып, тәжірибе бөлісті. Мұның бәрі игі істерді жалғастыруға зор мүмкіндік береді», – деді Президент.

    Мемлекет басшысы бұған қоса елде еріктілер қозғалысының дамуына мемлекет қажетті жағдай жасап отырғанын, жеке өзі еріктілердің жұмысын жоғары бағалап, барынша қолдайтынын айтты.
    Ол волонтерлік пен филантроптық қызметті қоғамда берік орнықтыру қажет екенін, ол үшін мемлекет тарапынан құқықтық-нормативтік негіздер жасалып, қаржылай қолдау жүйесін қолға алу қажетін атап айтты.

    «Біріншіден, стратегиялық ұстанымдарды айқындайтын жаңа Жол картасын әзірлеу керек. Бұл құжат волонтерлік қызметке қуатты серпін беріп, оның алдағы жылдардағы бағытын айқындауға тиіс. Екіншіден, волонтерлік пен қайырымдылық жұмыстың есептілік жүйесін енгізу керек. Бұл бастама волонтерлік қызметті заңнама деңгейінде ынталандырудың тиімді тәсілдерін енгізуге көмектеседі», – деді Мемлекет басшысы.

    Президент Тоқаевтың айтуынша, волонтерлік қызмет бұдан әрі өрістеу үшін гранттар неғұрлым ұзақ мерзімге бөлінуі керек.

    «Үшіншіден, волонтерлік қызметті ұзақ мерзімді гранттар енгізу арқылы қолдауымыз керек. Бұл тұрғыда қоғам мен жеке салымшылар арасында, ұлттық және халықаралық донорлар арасында орнықты әріптестікті ілгерілету маңызды. Төртіншіден, волонтерлік және қайырымдылық істерді институционалдық тұрғыда қолдау инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытқан жөн. Ол үшін волонтерлердің ұлттық және аймақтық деңгейдегі фронт-офисінің ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық әлеуетін күшейту қажет. Бесіншіден, волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ілгерілетуге ерекше назар аудару қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаеа.

    Қазақстанда 2020 жыл Еріктілер жылы болған. Ресми есеп бойынша қазір еліміздегі волонтерлік ұйымдар саны 3 есе өсіп, 680-ге, еріктілердің саны 200 мыңға жетті. Аймақтарда фронт-офистер ашылып, оларда мыңдаған волонтер дайындықтан өтті.

    Tags: волонтерлік қызметеріктілер

    Ұсынымдар

    Спорт саңлақтары марапатталды

    Спорт саңлақтары марапатталды

    5 months ago
    Алматы облысында еліміздегі ең ірі логистикалық хабтың іргетасы қаланды

    Алматы облысында еліміздегі ең ірі логистикалық хабтың іргетасы қаланды

    2 years ago
    Кең даланы  күйімен күмбірлеткен

    Кең даланы күйімен күмбірлеткен

    3 months ago
    ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМИДЫ

    ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМИДЫ

    5 months ago
    Үшем дүниеге келді

    Үшем дүниеге келді

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.