⛅
21°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ассамблея – Бірлік бастауы

    13.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ассамблея – Бірлік бастауы
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы ашылып, І сессиясы жұмысын бастап кетті. Онда ҚХА-ның «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты ХХХIV сессиясының шешімдерін жүзеге асыру барысы пысықталды. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсел Жалғасбаева сессия жұмысына төрағалық етті.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы­ның ХХХIV сессиясында халық тығыз қоныстанған Алматы облысында Достық үйін, түрлі этнос өкілдері көп шоғыр­ланған аудандарда Ассамблея ашу керектігін тапсырған болатын. Соған сәйкес облыс орталығы Қонаев қаласында арнайы жер бөлініп, келесі айда Достық үйінің құрылысы басталмақ. Ал 300 мыңға жуық халық тұратын, оның 41 пайызын этнос өкілдері құрайтын Еңбекшіқазақ ауданында жаңа құрылымда ҚХА ашылды.
    Сессияда сөз алған аудан әкімі, Еңбекшіқазақ аудандық ҚХА төрағасы Талғат Байеділов:
    – Ассамблея – этносаралық қатынас­тарды үйлестірудің және азаматтық тұтастықты нығайтудың тиімді құралы. Біздің басты міндетіміз – әр этнос өкілі өзін осы елдің тең құқықты, толыққанды азаматы ретінде сезінетін орта қалыптастыру. Бұл бағытта нақты жобалар іске асырылып жатыр, – дей келе, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ауданда атқарылған істің барысына тоқталып, бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстарды жіпке тізіп берді.
    Жиын барысында облыстық аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Жошыбаева сөз алды. Бүгінде облыста 146 аналар кеңесі болса, оның 27-сі Еңбекшіқазақ ауданында құрылған. Кеңес мүшелері жер-жерде ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, отбасылық институт пен этносаралық қарым-қатынасты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» сынды түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Талғат Мұқашев та баяндама жасап, кеңес тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Ассамблея жастарының мүшесі Мурат Нажипов «Жаңа толқын» жобасы аясында жастар арасында ауданда ұйымдастырылған іс-шаралар жайын баяндады.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ҚХА мүшелері күн сайын көзге көрінбейтін, бірден нәтиже бермейтін, алайда ұзақ мерзімді, стратегиялық тұрғыдан тиімді, ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Елдегі тұрақтылық пен бірлік сол жұмыстың жүйелі жүруінің бір көрсеткіші іспеттес. Осы орайда сессияда Еңбекшіқазақ ауданындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері де атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндады.
    Ассамблея жұмысының басты міндеті – ел бірлігі мен мемлекеттің тұтастығы, қоғам тыныштығы, халықты ортақ құндылық пен бір мүддеге жұмылдыру екендігі де сессия барысында айтылды.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    China Railway Қонаев қаласы мен G4 City жобаларына қатысуға мүдделі

    2 years ago
    Жаңа нысандар бой көтереді

    Жаңа нысандар бой көтереді

    2 years ago
    Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады

    Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады

    1 month ago
    Бүгінгі сурет –  ертеңгі тарих

    Бүгінгі сурет – ертеңгі тарих

    3 weeks ago
    Мүмкіндік алаңы

    Мүмкіндік алаңы

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>