⛅
14°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Халық сенімін нығайтады

    13.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Халық сенімін нығайтады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын бекіткен болатын. Бұл – қоғамның сұранысына жедел жауап беретін мемлекет қалыптастырудың алғышарты.

    2022 жылғы 5 маусымда өткен респуб­ликалық референдумнан кейін Ата Заңы­мыздың 30 бабына өзгеріс енгізілді. Бұл – Конституцияның үштен бір бөлігі. Осы тарихи қадамның басты мақсаты – суперпрезиденттік модельден мықты Парламенті, есеп беретін Үкіметі және ел өміріне белсенді араласатын демократиялық институттары бар президенттік республикаға көшу. Бұл бағытта қоғамдық кеңестердің атқарып жатқан қызметі ерекше.
    Қарасай ауданындағы қоғамдық кеңесті Жанат Исағұлов басқарады. Ауданды жақсы біледі, мол еңбек және өмірлік тәжірибесі бар, адамдармен тіл табыса алады. Сондықтан да бұл қиын әрі жауапты міндет сеніп тапсырылған.
    Оның жетекшілігіндегі қоғамдық институттың басты міндеті – халық пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланысты нығайту, билік пен халық арасындағы ашық әрі айқын диалог алаңын қалыптастыру.
    – Үш жыл бұрын Конституцияға өз­герістер енгізу бойынша өткен жалпы­халықтық референдум – барлық салаға жаңаша серпін берген үлкен бетбұрыс болды, – дейді Жанат Молдағұлұлы. – Қазақстан енді ашық әрі демокра­тиялық саяси өмірге қадам басуда. Мұнда әрбір азаматтың қатысуы елдің даму бағытына әсер етуі мүмкін. Билік пен қоғам арасындағы өзара байланыс нығайып келеді.
    Қоғамдық кеңестердің жұмысы да жанданды. Олар өз жұмысын 2016 жылдың қаңтарынан бастаған болатын. Бұл кеңестердің негізгі қызметі үш маңызды бағытқа негізделген. Біріншіден, азаматтық қоғамның маңызды мәселелер жөніндегі пікірін білдіреді. Екіншіден, азаматтық қоғам мен орталық және жер­гілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы байланыстарды нығайтады. Үшіншіден, олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
    Жанат Молдағұлұлының айтуынша, қо­ғамдық кеңестердің негізгі жұмыс формасы – отырыстар өткізу. Бұл отырыстарда түрлі қызметтер мен ведомстволардың бірінші басшылары тыңдалып, әртүрлі мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланады. Мысалы, инвестиция тарту, азаматтық қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, құқық тәртібі, қоғамдық көлік және басқа да маңызды салалар қамтылады.
    – Жыл басынан бері алты отырыс өткіздік, – дейді Жанат Молдағұлұлы. – Жақында ветеринарлық және жергілікті полиция қызметінің жұмысы тыңдалды. Спикерлердің баяндамасынан кейін олар­ды мазалаған сұрақтарды тыңдап, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, Қаскелең қаласы мен бар­лық ауылдық округтің әкімдері, әртүрлі басқарма, бөлім басшылары тыңдалады.
    Көтерілген мәселелер біртіндеп шешімін табуда. Бұл – аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Мысалы, үшауысыммен оқитын мектептер мәселесі едәуір шешімін тапты. Бұл мәселе әртүрлі деңгейде көтерілген. «Келешек мектептері» жобасының жүзеге асуы – соның нақты нәтижесі.
    Аудан елдімекендері мен Қаскелең, Алматы қалалары арасындағы көлік қатынасы да бірнеше рет көтерілді. Аудан басшылығы Алматы қаласының мобильділік басқармасымен бірлесіп, бұл өзекті мәселені шешу мақсатында жаңа автобус бағыттарын ашты. Бұл – өте маңызды, өйткені аудан халқының едәуір бөлігі Алматыда жұмыс істейді.
    Басқа да мәселелер бойынша оң өзгерістер бар. Бұл тек Қаскелең қаласын ғана емес, ауылдық елдімекендерді де қамтиды.
    Аудан көлемінде ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізіліп жатқаны да маңызды. Бұл – халыққа өз көшбасшысын өзі таңдап қана қоймай, берген уәдесі үшін де жауапкершілік жүктеуге мүмкіндік береді. Бұған дейін мұндай сайлаулар Іргелі, Елтай, Шамалған және Жібек жолы ауылдық округтерінде өтті. Ал 2025 жылы Ұмтыл ауылдық округінің тұрғындары өз әкімін сайлап алды. Енді бұл қадамға Райымбек ауылдық округінің тұрғындары дайындалып жатыр.
    – Менің ойымша, Президент
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл әкімдерін халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайлау туралы бастамасы – қоғамның сұранысына берілген жауап, – дейді Жанат Молдағұлұлы.
    – Бұл – халық сенімін нығайтуға бағытталған қадам және «еститін мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі жүзеге асыру. Қоғамдық кеңес те осы бағытта жұмыс істейді.
    Ең бастысы – уақыт талабынан қалыс қалмай, бар мәселені назарда ұстау. Сонда ғана олардың шешілуіне ықпал етіп, халықтың мүддесін қорғауға болады.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    1 month ago
    Тоғызқұмалақ тартысы

    Тоғызқұмалақ тартысы

    1 year ago
    МӘМС ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

    АИТВ кезіндегі CD4+ Т-лимфоциттер санын ағынды цитометриялық әдісімен анықтаудың маңызы

    2 months ago
    Алматы облысының аумағында жер сілкінді

    Алматы облысында жер сілкінді

    10 months ago
    Алғашқы жауынгерлік мектеп

    Алғашқы жауынгерлік мектеп

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>