⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевтағы туризм: 1 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсетілді

    12.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Қонаевтағы туризм: 1 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсетілді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі шомылу маусымының қорытындысын шығарды.

    Мәліметке сәйкес, биыл Қапшағай су қоймасының жағалауына 1,8 млн демалушы келді. Қаладағы 140-тан астам туристік нысан жыл басынан бері 1 млрд. 200 млн. теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 100 млн теңгеге артық.

    «2025 жылы былтырғы маусым мен салыстырғанда демалушылар саны 300 мыңға артты. Мұның себебі «АСП арена» аумағында түрлі концерттер, іс-шаралардың ұйымдастырылуы, ашық суда жүзуден жарыстың өтуі, апта сайын «Aspan fest» фестивалінің ұйымдастырылуы болды. Бұдан бөлек, №5 жағажайдың жаңғыртылып, абаттандырылуы да демалушылар санының артуына айтарлықтай әсер етті. Бұл жағажайға демалыс күндері 5000-ға жуық адам келді», – деді бөлім басшысының міндетін атқарушы Айдын Әбілқасым.

    Сондай-ақ ол қауіпсіздік шараларына да ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. ТЖД-ның 73 маманы судағы қауіпсіздікті, полицияның 12 қызметкері қоғамдық тәртіпті қадағалап отырды, күнделікті рейдтік шаралар жүргізілді.

    «Баршаңызға мәлім, қалада 8 коммуналдық жағажай болса, оның ішінде №5,6,7-ші жағажайларға келушілер көп. Әрқайсында медпункттер, санитарлық аймақтар, құтқарушылардың жұмысы ұйымдастырылды», – деді маман.

    Жағажайдан басқа, Қонаев қаласының аумағында «Көшпенділер қалашығы», тарихтан сыр шертетін «Таңбалы тас» шатқалы орналасқан. Бұл нысандардың да халық арасында танымалдылығы жоғары болып отыр. Мысалы, алғашқы туристік аймақ айына 300-500 адамды қабылдауда. Ал «Таңбалы тасты» көруге 4000-ға жуық турист келген.

    «Көшпенділер қалашығы» шығармашылық топтары үшін де танымал нысан. Биыл мұнда екі түрлі жанрда кино, «Жібек жолы» арнасында көрсетілетін бірегей бағдарлама түсірілді», – деді Айдын Әбілқасым.

    Алдағы жоспар

    Биыл №6 жағажайды абаттандыру жұмыстары басталады деп көзделуде. Қаладағы жалпы ұзындығы 6,1 шақырым (1 км астамы қолданыста) болатын жағажай жаңғыртылады.

    «Көшпенділер» қалашығын туристік бағытта заманауи үлгіде дамыту үшін жобалар қарастырылуда.
    Сонымен қатар шаһарда 11 инвестжоба жүзеге асады деп жоспарлануда. Тартылатын инвестиция көлемі – 306,4 млрд.теңге.

    Ұсынымдар

    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    2 years ago
    Қаржылық мәдениет қалыптасады

    Қаржылық мәдениет қалыптасады

    3 months ago
    Энергетиктер еңбегі еленді

    Энергетиктер еңбегі еленді

    1 year ago
    Облыста жылыту маусымы кезінде 102 өрт болды

    Семья пострадавшего от пожара отказалась от предложенной помощи акимата

    1 year ago
    Көрші ел көкжиегінде

    Көрші ел көкжиегінде

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>