⛅
15°C
Қонаев
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғарыштануға бетбұрыс

    18.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Ғарыштануға бетбұрыс
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Бүгінгі таңда ғарыш кеңістігін игеру – ғылым мен технология дамуының басты бағыты. Әлемдік бәсекелестік жағдайында әрбір ел өзінің ғылыми әлеуетін ғарыш саласында көрсетіп, жаңа технологияларды дамытуға ұмтылуда. Қазақстан да бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Елдің аэроғарыш саласы соңғы жылдары қарқынды дамып, халықаралық серіктестіктермен жаңа жобаларды жүзеге асырып келеді.

    Осы бағыттағы маңызды бастама­­лардың бірі – «Space Days Kazakhstan – 2025» халықаралық форумы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті геогра­фия және табиғатты пайда­лану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасы ҚР Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе ұйымдас­тырған бұл форум ғарыш саласын­дағы серпінді идеялар мен тәжірибе алмасудың кәсіби алаңына айналды.
    Форум аясында тек жаңа техноло­гиялар мен ғылыми зерттеулер ғана емес, сондай-ақ Қазақстан ғарышының симво­лына айналған тұлғалардың еңбегі де дәріптелді. Солардың ішінде ерекше орын алғаны – қазақтың даңқты ғарышкері Талғат Мұсабаевтың өмір жолына арналған көрме.
    «Space Days Kazakhstan – 2025» халықаралық форумының басты мақсаты – ғаламдық ғарыш қауым­дастығы арасындағы стратегиялық диалогты нығайту, заманауи ғарыш технологияларын дамыту, сондай-ақ ғылым, білім және өнеркәсіп арасындағы байланысты тереңдету. Бұл жолғы форумға 50-ден астам елдің өкілдері қатысты. Олардың қатарында жетекші ғарыш агент­тіктері, халықаралық ғылыми ұйымдар, қаржы институттары және ірі технологиялық компаниялар бар. Мәселен, Еуропа ғарыш агенттігі, NASA-ның ғылыми бөлімшелері, Ресейдің «Роскосмосы», Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы сияқты ірі құрылымдар делегаттарын жіберді. Қазақстандық ғалымдар мен мамандар үшін мұндай деңгейдегі пікір алмасу – тәжірибе бөлісудің, жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асырудың бірегей мүмкіндігі.
    Форум аясында ұйымдас­тырылған көрме Талғат Мұсабаев­тың өмірі мен қызметіне арналды. Бұл – кездейсоқ таңдау емес. Өйткені оның ғарышқа үш мәрте ұшып, барлығы 341 тәулігін әуеде өткізуі – қазақ ғылымының тарихындағы теңдесі жоқ жетістік.
    Еске сала кетер болсақ, ол 1994 жылы «Союз ТМ-19» ғарыш кемесімен алғашқы сапарға шықты. 1998 жылы «Мир» стансасына екінші рет көтерілді. 2001 жылы Халықаралық ғарыш стан­сасына барып, бірқатар ғылыми тәжірибе жүргізді.
    Осы сапарлар барысында ол 6 рет ашық ғарышқа шығып, онда 33 сағаттан астам уақыт өткізді. Мұндай жетістік тек кәсіби дайындықты ғана емес, нағыз ерлікті қажет ететіні сөзсіз. Ғарышкер кейінгі жылдары Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігін басқарған болатын. Оның басшылығымен елімізде «KazSat» байланыс спутниктері жасалып, ұшырылды. Мұның барлығы Қазақстанның ғарыш державасына айналуына негіз қалады.
    Көрмені ­ұйымдастыру­ға ­Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінің ректоры мен басшы­лығы тікелей қолдау көрсетті. Бұл шара университет қабырғасында ғана емес, бүкіл Қазақстан ғылымы үшін тарихи оқиғаға айналды.
    Көрменің мазмұнын байыту­ға география және табиғат­ты пайдалану факульте­тінің карто­гра­фия және геоинформа­тика кафедрасының ұжымы белсене қатысты. Экспозиция­да ғарышкердің балалық шағы мен отбасылық суреттері, үш рет ғарышқа ұшқан сапарының хроникасы, ғылыми тәжіри­белер­дің нәти­желері, картографиялық деректер мен ғарыштан түсірілген суреттер ұсынылды. Бұл көрме жастарға тарих пен ғылымды ұштастыра отырып жеткізілген мазмұнды саяхат іспеттес болды.
    Көрменің ең басты ерекшелігі – оған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың геодезия, картография, геоинформатика және табиғи-техногендік қауіп-қатер­лер маман­дықтарының студент­тері ерікті ретінде қатысып, қонақтарды қарсы алу, бағыт-бағдар беру және көрме барысындағы қызмет көрсету жұмыстарын атқарды. Бұл олар­дың белсенділігін арттырып, кәсіби дамуына серпін берді.
    Бұл көрме бірнеше қырынан құнды болды. Ең алдымен, студенттер ғарыштық техноло­гиялар мен карто­графияның өзара байланысын нақты деректер арқылы ғылыми тұрғыдан түсінді. Екіншіден, ғарышкердің өмір жолы жас буынды отансүйгіштікке, қажырлы еңбекке тәрбиелейтін бағыт болды. Үшіншіден, студенттер өз мамандықтарының заманауи ғарыштық технологиялармен қаншалықты тығыз байланысты екенін тәжірибеде көріп, кәсіби тұрғыдан өздеріне қажетті дең­гейде шабыт алды.
    Форум барысында Қазақстан мен бірқатар мемлекет ара­сында жаңа келісімдер жасал­ды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Еуропа ғарыш агенттігі ғарыш деректерін алмасу туралы келісімге келді. Қытаймен бірлесіп жаңа жерсеріктерді құрастыру жөнін­де меморандумға қол қойылды. Қазақстандық жоғары оқу орындары NASA-ның ғылыми бағдарламалары­на студенттерді тағылымдамадан өткізу­ге мүмкіндік алды. Бұл келісімдер Қазақстанның ғылыми әлеуетін арт­тыруға және жастарды халықаралық тәжірибеге тартуға жол ашады.
    «Space Days Kazakhstan – 2025» халықаралық форумы – Қазақстанның ғылымы мен білімі­нің жаңа биікке көтерілгенінің айқын дәлелі. Форум аясында өткен Талғат Мұсабаевқа арналған көрме – тек өткенге тағзым ғана емес, болашаққа бағдар.
    Жастарға бұл шара рухани шабыт пен кәсіби серпін сыйлады. Ал Қазақстан ғылымы үшін әлемдік қауымдастықпен стратегиялық серіктестікті нығайтудың нақты қадамы болды.
    Осындай форумдар мен көрме­лердің жүйелі түрде өтуі еліміз­дің ғылымы мен білімінің болашағын айқындап қана қоймай, жас ұрпақты ғарышқа, ғылымға жетелейтін шамшырақ болатыны сөзсіз.

    Айжан Асылбекова,
    Әл-Фараби атындағы ҚазуҰУ
    картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор

    Ұсынымдар

    Жақсылық жасап жарысайық

    Жақсылық жасап жарысайық

    9 months ago
    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

    Әкім: Алматы облысында жыл сайын 13 мектеп салу керек

    2 years ago
    Тоңдырды бізді…

    Тоңдырды бізді…

    2 years ago
    Биік-биік тауларда

    Биік-биік тауларда

    5 days ago
    “Жайылым” жобасы жалғасады

    “Жайылым” жобасы жалғасады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>