[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қазан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өңірді басқару жеңілдейді

    23.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Өңірді басқару жеңілдейді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Елімізде жергілікті басқару жүйесін жетілдіру мақсатында маңызды реформалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – ауыл және аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған «Әкімдер мектебі» бағдарламасының іске қосылуы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан игі жоба биыл да өз жалғасын тапты.

    Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған кезекті оқу курсы басталды. Филиал директоры Қазыбек Дәуітәлиевтің айтуынша, курста аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округ әкімдері біліктілігін арттыруда. Олар оффлайн және онлайн форматта 240 академиялық сағат көлемінде дәріс алады. Оның 100 сағатын «AMANAT» партиясының саяси менеджмент академиясы ұсынған.
    «Жалпы курста экономика, құқықтану саласы бойынша сарапшылар, «AMANAT» партиясының саяси менеджмент академиясының тәлімгерлері дәріс береді. Сабақ барысында тыңдаушылар еліміздің стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, жергілікті өзін-өзі басқару, бюджеттеу және ресурстарды басқару мәселелерін зерделейді. Ауылдық округ деңгейінде бюджетті жоспарлау және бөлу принциптерімен және мемлекеттік сатып алу, салық салу негіздерімен танысады. Сонымен қатар енгізілген өзгерістерден хабардар болып, әлеуметпен түрлі қарым-қатынас орнату тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің этикасы, «Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек, халыққа қалай қызмет көрсетуі қажет?» деген мәселелер көтеріліп, талқыланды. «Әкімдер мектебі» жобасы – ауыл әкімдеріне ең қажетті дүниелерді ұсынып отыр», – дейді филиал директоры Қазыбек Дәуітәлиев.
    Аталған курста коммуналдық меншікті басқару, экологиялық мәселелер, кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту тақырыптары да қамтылмақ. Оқыту курсында әкімдер мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологияларды, электронды қызметтер мен басқарушылық шешімдер қабылдауды меңгеріп, шеберліктерін шыңдайды. Сонымен бірге тәжірибелі сарапшылар практикалық жаттығулар, интерактивті пікірталастар мен тренингтер өткізеді.
    «Әкімдер мектебі» жобасы бойынша дәріс алуды бастадым. Бұл сабақтан өзімді толғандырып жүрген сұрақтардың жауабын табамын деген ойдамын. Қазір мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптың жеңіл емес екені белгілі. Сондықтан бізге үздіксіз ізденіс керек. Бұл бағдарлама бізге үлкен мүмкіндік береді», – деді Кеген ауылдық округінің әкімі Ернат Ысқақ.
    Қазір әкімдер өз ауылдарының бюджетін анықтау, өнім өндіруден бастап, оны сертификаттау мен сатуға дейінгі тікелей тізбегін құруды үйрене бастады. «AMANAT» партиясы саяси менеджмент академиясының тәлімгері Айгүл Жұмақожақызының айтуынша, алдағы уақытта әкімдер «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылдық жерлерден кооперативтер ашу арқылы халықты жұмыспен қамту, тұрғындардың табысын арттыру мәселелері бойынша дәріс алады. Сондай-ақ әрбір ауыл өзінің әлеуетіне қарай қолға алатын жобалардың жоспарын дайындайды.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Шахтадағы өрттен қаза тапқандар үш адамға жетті

    Шахтадағы өрттен қаза тапқандар үш адамға жетті

    2 years ago
    Орта Азияда бетон діңгек шығаратын бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан

    Орта Азияда бетон діңгек шығаратын бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан

    2 years ago
    Шерзат Полаттың өлімі бойынша тергеу таяуда аяқталады – Прокуратура

    Шерзат Полаттың өлімі бойынша тергеу таяуда аяқталады – Прокуратура

    10 months ago
    Тасада қалған тағдыр

    Тасада қалған тағдыр

    2 years ago
    Құрылыс қарқын алды

    Құрылыс қарқын алды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>