Перейти к содержимому
Главная страница » ТАЗА БЕЙСЕНБІ: Іле ауданында «AMANAT» белсенділері 4 га аумақты қоқыстан тазартты

ТАЗА БЕЙСЕНБІ: Іле ауданында «AMANAT» белсенділері 4 га аумақты қоқыстан тазартты

«AMANAT» партиясының Іле аудандық филиалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жобасы аясында Боралдай кентіндегі Мемориалды саябақта ауқымды сенбілік ұйымдастырды.

Тазалық жұмыстарына 100-ге жуық адам – партия мүшелері, мәслихат депутаттары, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, ауыл тұрғындары, ауған соғысының ардагерлері, әскери қызметшілер, коммуналдық қызмет өкілдері мен партия қызметкерлері қатысты.

Сенбілік барысында саябақ аумағы түгел қамтылып, қоқыс жиналды. Ағаш түптері қопсытылып, жасыл желектер суарылды. Қатысушылар демалыс орындарындағы орындықтарды тазалап, сынған бұтақтарды жинады. Нәтижесінде 4 гектар аумақ тұрмыстық қалдықтан тазартылып, шамамен 3 тонна қоқыс арнайы полигонға жеткізілді. Шараға үш арнайы техника жұмылдырылды.

Аудандық партия филиалының төрағасы Алмасбек Сәтібаевтың айтуынша, биыл Іле ауданында тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

«Жыл басынан бері 22 мыңнан астам тұрғын сенбіліктерге қатысып, 1 400 тонна тұрмыстық қалдық жиналды. Сонымен қатар 5 543 түп ағаш көшеті отырғызылып, 38 саябақ пен сквер, 83 тарихи-мәдени ескерткіш тазартылды», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы миллиондаған азаматты біріктіріп, экологиялық мәдениетті арттыруға үлес қосып отыр.