⛅
5°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғарыштық технологияның мүмкіндігі

    27.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Ғарыштық технологияның мүмкіндігі
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

          Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Space Days Kazakhstan – 2025» атты халықаралық форум өтті. Шараға 50-ден астам елдің, оның ішінде халықаралық агенттіктер, университеттер, зерттеу орталықтарының өкілдері, бизнес делегациялары мен ғарыш саласының білікті мамандары қатысты.

    Форумның ресми ашылу салтана­тында ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев соңғы жылдары еліміз ғарыштық техно­логиялар, алыс қашықтықтан зондтау, ғарыштық байланыс және астрофизика салаларын дамытып жатқанын атап өтті.
    – Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – отандық ғарыштық технологияны дамытуға үлес қосып отырған жетекші ғылыми орталықтың бірі. «Ғарыштық техника және технологиялар» оқу бағдарламасы бойынша мамандар даярлайтын бірегей жоғары оқу орны. Біз ҚазҰУ ғалым­дарының Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет университеттік «Al-Farabi-1» және «Al-Farabi-2» наноспутниктерін жасап, ғарышқа шығарғанын мақтан тұтамыз. Бұл аппараттар 2017 және 2018 жылдары ұшырылып, ғылым мен білім беру бағытындағы өз миссиясын сәтті орындады. Қазіргі таңда универси­тет ғалымдары жаңа буын ғарыш аппараты – «NKSAT» микроспутнигін жасау үстінде. Бұл – Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық универ­ситетімен бірлескен жоба, оның ұшырылуы 2026 жылға жоспарланған. Аппарат орбитада үш негізгі миссияны атқаратын болады.
    ҚазҰУ-да «Farabi Space» ғарыш технологиялары орталығы, Қазақстан-Қытай бірлескен «Қашықтан зондтау және қолдану технологиялары» зертханасы, «Farabi GIS» орталығы, сондай-ақ спутниктік технологиялар, геоинформатика және сандық модельдеу салаларында зерттеулер жүргізетін заманауи зертханалар жұмыс істейді. Сонымен бірге университет аумағында Хайнань спутниктік деректерді зерттеу және пайдалану орталығы және Солтүстік-Батыс политехникалық университетімен бірлесіп жерүсті спутниктік стансасын орнату жұмыс­тары басталды, – деді Жансейіт Түймебаев.
    Университетімізде қуаттылығы 2000 терафлопс болатын заманауи суперкомпьютер іске қосылды. Ол еліміздің ғарыш саласы үшін қолдануға дайын. Оның ресурстары жоғары дәлдікті есептеуді, орбитаны модельдеуді және спутниктік дерек­тердің үлкен көлемін өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бүгінде – тек білім беру орны ғана емес, жаңа буын мамандарын даярлайтын, қазақстандық ғарыш саласын дамытуға бағытталған толыққанды ғылыми-инженерлік экожүйе.
    Ректор сөз соңында: «ҚазҰУ қазақстандық және халықаралық ғылыми орталықтар арасында ғарыш­тық консорциум құру, ғарыш техно­логия­лары мен телекоммуникация саласындағы студенттік стартаптарды қолдау, спутниктік деректерді талдау мен сақтау үшін ҚазҰУ супер­компьютерін ортақ пайдалану, түркі елдері мен Орталық Азия жастары үшін ғарыш саласындағы халықаралық жазғы мектептер ұйымдастыру баста­маларын ұсынады», – деді.
    Шарада ICESCO-ның ғылым және технологиялар жөніндегі кеңесшісі, доктор Мұхаммад Шариф сөз сөйледі. «Бүгінгі шара интерактивтілігімен ерекше. Бұл – ғарыш технологияларын әртүрлі мақсатта пайдалануға жаңа мүмкіндік ашатын платформа. ICESCO ғарыш технологиялары бағытындағы бөлімін ашты және осы салада кең көлемді оқыту жұмысын жүргізіп келеді. Біз әртүрлі елдерден 100-ден астам студентті оқыттық және бұл жұмысты жалғастырамыз», – деді ол. Сондай-ақ форумда БҰҰ ҒКБМПК басшысының орынбасары Дрисс Эль Хадани, жобалар директоры Харун Нуруллах Танзи, ҚР Цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков, Бахрейн ғарыш агенттігінің басқарма төрағасы Шейх Залид бен Әли Әл Халифа, «Uzbekkosmos» директорының орынбасары Мухиддин Ибрагимов, Мысыр ғарыш агенттігінің өкілі Шериф Седки және басқа да спикерлер баяндама жасады.
    Форум бағдарламасында ICESCO-ның ІV халықаралық CanSat семинары, жұмысқа орналасу жәрмеңкесі, оқыту семинарлары, ғарышқа инвестиция тарту туралы пікірталастар, Қазақстан, Ресей, Румыния, Моңғолия және Беларусь ғарышкерлерімен кездесу, ICESCO мен ҚазҰУ арасындағы меморандумға қол қою, Айдын Айымбетов­тің ұшқанына 10 жыл толуына арналған мерекелік марканың шығуы, Асы-Түрген обсерваториясына экскурсия, Байқоңырға тур және «Союз-2» зымыранының ұшырылуын бақылау жүзеге асырылды.

    Гаухар Қайранбаева,
    PhD, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы

    Соңғы жаңалықтар

    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ БАЙСЕРКЕ АУЫЛЫНДАҒЫ №12 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    Адамға бағдарланған Ата Заң
    05.03.2026
    Коалиция мүшелері №18 орта мектеп ұжымымен кездесті
    05.03.2026
    Коалиция өкілдері №5 орта мектеп ұстаздарымен кездесті
    05.03.2026
    Саяси науқаннан тыс қалмайық!
    05.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>