⛅
-5°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Міндетін мінсіз атқарған

    02.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Міндетін мінсіз атқарған
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Райымбек аудандық қазына­шылық басқармасы – өңір көлемінде қаржы тәртібін сақтауда, бюджеттік қаражат­тың дұрыс әрі уақытылы игері­луінде маңызды рөл атқарып келе жатқан абыройлы мекеме. Басқарманың басты мақсаты – мемлекеттік қаржының әрбір тиынын тиімді пайдалану, бюджет қаражатын қадағалау және елдің әлеуметтік-эконо­микалық дамуына үлес қосу.

    Аталған басқарма ашықтық пен айқындық қағидасын басшылыққа алып, электронды үдерісті жетіл­діруде, жаңа технологияларды енгізуде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл – мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға және қоғам сенімін нығайтуға бағытталған нақты қадам. Осы мекемеге басшылық жасап отырған Бақыт Омаров – ел сенімін ақтаған білікті басшы. Оның мемлекеттік қызметтегі жолы – еңбекқорлықтың, адалдықтың және кәсібиліктің жарқын үлгісі. Әрбір міндетке үлкен жауапкершілікпен қарап, қазынашылық жүйенің дамуына атсалысып келеді. Әріп­тестеріне қамқор болып, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, әрдайым қолдау көрсетеді.
    Бақыт Шалтабайұлы 2005 жылдан бастап Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінде бөлім басшысы, 2007-2008 жылдары Ұйғыр аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орын­басары, 2008-2009 жылдары Текелі қалалық қазынашылық басқармасы басшысының орын­басары қызметтерін атқарды. 2009-2012 жылдары Ақсу аудандық қазынашылық басқармасын басқарды. 2012 жылдан аталған департаменттің алдын ала бақылау басқармасы басшысы, бөлім басшысы, бас қазынашысы болды. 2019 жылдың 13 наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Райымбек аудандық қазынашылық басқармасының басшысы лауазымында.
    Мемлекеттік қызметін мінсіз атқарғаны үшін Бақыт Шалтабайұлы Алматы облысы бойынша қазына­шылық департаментінің, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Құрмет грамоталары­мен марапатталған. «Экономика саласының үздігі» атанған.
    Оның басшылығымен қазына­шылық басқармасы аудан­дағы әлеуметтік-эконо­микалық бағдар­ламалардың қаржылан­дырылуын қамтамасыз етуде, сонымен қатар мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы мен заңдылығын қада­ғалауда. Бақыт Шалтабайұлы – тек қана құзыретті маман ғана емес, сонымен бірге әріптестері мен аудан тұрғындары арасында үлкен беделге ие. Қызмет жолындағы табыстарымен қатар, ол ауданның қоғамдық өміріне де белсене араласады. Әлеуметтік бастамаларды қолдап, ел игілігі жолындағы істерге қолдау көрсетіп жүрген басшыны жерлестері де жоғары бағалайды.
    «Жақсы басқару – сенімді қызмет кепілі» дегендей, басқарма басшы­лығы әрдайым ұжымға үлгі болып, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға үлес қосып келеді.
    Қорыта айтқанда, Райымбек аудан­дық қазынашылық басқармасы – өңірдің экономикалық тірегіне айналған, мемлекеттік қаржының сенімді қорғаушысы. Жауапкершілік пен адалдықты ту еткен ұжым алдағы уақытта да ауданның өркендеу жолында аянбай еңбек ете бермек.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Түргендіктер заңсыз қоқыс полигонынан қашан арылады?

    Түргендіктер заңсыз қоқыс полигонынан қашан арылады?

    3 years ago
    Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

    Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

    2 years ago
    «Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінде» ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді

    «Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінде» ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді

    5 months ago
    Робототехника үздіктері

    Робототехника үздіктері

    2 weeks ago
    Әке биігі

    Әке биігі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>