⛅
11°C
Қонаев
Жексенбі, Қазан 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сәтбаевтан сыйға қалған

    03.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Сәтбаевтан сыйға қалған
    0
    SHARES
    28
    VIEWS

         Тарих тереңінен сыр шертетін жәдігерлердің әрқайсысы – тек мате­риалдық дүние ғана емес, өз дәуірі­нің сарынын жеткізетін үнсіз куәгер. Табиғат­тың тылсым құпия­­­ларын паш ететін, ғылым мен сезі­мнің шебінде тұрған осын­дай ерекше мұралардың бірі – академик Қаныш Сәтбаев шетел сапары­нан алып келген кірпі балық. Бүгінде бұл балық – қазақ ғылы­мы­­ның алтын ғасырына куә, бірегей символдардың бірі ретінде Алматыдағы Табиғат музейінің экспози­ция­сында ерекше орын алады.

    Ұлт мақтанышы Қаныш Сәтбаев ғылым жолында тек тауды ғана емес, мұхит тереңін де зерделеген ғұлама еді. Ол сапар шеккен әр елдің ғылыми ортасымен ғана емес, табиғатымен де танысып, ерекше үлгілерді елге ала келуді дағдыға айналдырған. Сол сапарларының бірінде дәл мұхит түбінде тіршілік ететін кірпі балықтың кептірілген үлгісін ала келген.
    Бұл – өзі кішкентай ғана, алайда сыртқы түрі мен ішкі құрылымы таңдай қақтыратын ерекше балық. Қауіп төнген сәтте өзін шар тәрізді үрлеп, сыртындағы инелерін тіктейтін бұл балық табиғаттың тамаша қорғаныс механизмімен жаратылған. Академиктің көзімен қарағанда, мұндай тіршілік иесі биология, геология және палеонтология салаларын тоғыстыра зерттеуге жол ашатын тірі құбылыс болатын.
    1980 жылдары осы кірпі балық Қаныш Сәтбаевтың қызы, көрнекті әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА коррес­пондент-мүшесі Шәмшиябану Қаныш­­қызының қолымен музейге табыс­талды. Бұл тек экспонат емес, ұлт руханияты мен ғылымының сабақтастығын жалғайтын қымбат естелікке айналды.
    Кірпі балық – әкенің қолымен әкелініп, қыздың жүрегімен сақталған, кейін ұлт игілігіне тапсырылған мұра. Осы бір шағын ғана заттың бойында бір әулеттің ғылымға деген адалдығы, бір ғұламаның табиғатқа деген сүйіспеншілігі, бір дәуірдің ғылымға деген құрметі тоғысқандай.
    Уақыт алға жылжып, музей қорындағы жәдігерлер қатары толыға берді. 2021 жылы Табиғат музейінің бір қонағы кірпі балықтың екінші данасын сыйға тартты. Бұл – кездейсоқ сәйкестік емес, өткен мен бүгіннің арасын жалғаған символдық акт, ғылым жолындағы ізгі ниеттің жалғасы. Қазір қос балық қатар экспозицияда тұр. Бірі – тарих тереңінен жеткен, екіншісі – бүгінгі күннің тартуы. Екеуі де – табиғат пен адам арасындағы үндестіктің белгісі.
    Табиғат музейіндегі кірпі балық – көзге кішкентай көрінгенімен, мағынасы терең жәдігер. Ол – Сәтбаевтай алыптың дүниетанымын, ғылыми қызығушылығын, табиғатқа деген нәзік қарым-қатынасын танытатын ерекше экспонат. Бұл балық – тек су асты әлемінің өкілі емес, ол – қазақ ғылымының кең тынысын бейнелейтін рухани символ. Осындай жәдігерлер арқылы музей келушілерге ғылымның қыр-сырын ғана емес, оны жасаған тұлғалардың жан дүниесін де таныта түседі. Кірпі балық – табиғаттың өзі ұсынған табиғи жәдігер, ал оны музейге табыстаған ұрпақ – елдің рухани жадын сақтаған аманат иесі.

    Гүлжан Назымбетова,
    Академик Қ. Сәтбаев мемориалдық музейінің директоры,
    PhD

    Ұсынымдар

    Алматы облысында референдум күні ретро көліктер шеруі өтті

    Алматы облысында референдум күні ретро көліктер шеруі өтті

    1 year ago
    Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды

    Жұмысшы мамандықтар – Алматы облысының дамуы мен өркендеуінің негізі

    9 months ago
    «Халық қаһарманы – Бақтыораз» атты облыстық рухты-патриоттық конференция өтті

    «Халық қаһарманы – Бақтыораз» атты облыстық рухты-патриоттық конференция өтті

    5 months ago
    Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады

    Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады

    4 weeks ago
    АИТВ инфекциясындағы токсоплазмоз

    АИТВ инфекциясындағы токсоплазмоз

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>