Перейти к содержимому
Главная страница » «Шапағат» үйіндегі шаттық

«Шапағат» үйіндегі шаттық

    Қонаев қаласындағы балаларды бейімдеу орталығының тәрбие­ленушілері қарттарға құрмет көрсетті. Олар «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы барып, концерт­тік бағдарлама қойды.

Мерекелік шара барысында балалар қарт­тарға арнап ән шырқап, өлең оқып, би биледі. Риза болған қариялар жеткіншектерге ағынан алғыс жаудырды. «Біздің жағдайымызды сұрап, көңілімізді аулағандарыңызға рақмет. Балалар­дың күлкісін көріп, шаттанып қалдық. Ең бастысы, үлкенге құрметтің ұмытылмай келе жатқаны қуантады. Осындай сәттер бізге демеу болады» – деді орталықтағы қарттардың бірі.
Шараны ұйымдастырушылардың сөзінше, олар балалар бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында аталған игі іске мұрындық болыпты. Ал «Шапағат» орталығы директорының орынбасары Бибінұр Омарованың айтуынша, бүгінде мұнда 130-дан астам қарт өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы мемлекеттің қамқорлығында.
Шара соңында орталық тәрбиелену­шілері аталған қарияларға жиі барып тұруға уәде етті, қарттар да балаларға ақ батасын берді.

Ермұрат МҰҚЫРБАЙ
Қонаев қаласы