[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қазан 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

    10.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология
    Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ұйғыр ауданында заманауи цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілді.
    Жаңа кеңсе 600-ден астам мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Бұған дейін аудан тұрғындары құжат рәсімдеу үшін көрші аудандарға баруға мәжбүр болса, енді барлық қажетті қызметтер бір жерден қолжетімді болып отыр.

    Аудан тұрғыны Селимам Варисова жаңа кеңсенің ашылуы тұрғындар үшін үлкен жеңілдік болғанын айтады:

    «Бұрынғы орталық ескі, тар әрі суық болатын. Қазір кеңсе кең, жарық, өте ыңғайлы. Бір апта бұрын паспортқа өтініш берген едім, дәл бүгін дайын болыпты. Ресми ашылу күніне тап келгеніме қуаныштымын», – дейді ол.

    Жаңа кеңседе қызмет көрсету процесі бірнеше функционалды аймаққа бөлінген. Мұнда АХАЖ бөлімі, жер кадастры, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге қатысты қызметтер, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бөлімдер орналасқан.
    Бұл жүйе келушілер ағынын тиімді реттеуге, қызмет көрсету уақытын қысқартуға және кезек күтуді азайтуға мүмкіндік береді.

    Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова бұл нысанның ашылуын өңірдің цифрлық даму бағытымен тікелей байланыстырады:

    «Президентіміздің цифрландыру бағытында берген тапсырмасының бірден-бір көрінісі – осы орталық. Барлық қызмет интернет желісімен толық қамтылған. Келешекте музей салу жоспарда бар. Сондай-ақ кезең-кезеңімен тұрғын үйлер де салынып жатыр», – деді әкім.

    Аудан тұрғындары үшін бұл жаңа кеңсе маңызды әлеуметтік жобалардың бірі болып отыр. Бұрын күрделі құжат рәсімдеу үшін Еңбекшіқазақ ауданына баруға тура келетін. Енді негізгі қызметтердің барлығы өз ауданында көрсетілмек.

    Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайды. Құрылысына 1 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған. Кеңсе заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған.

    Жаңа цифрлық кеңсе – Ұйғыр ауданы тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметтерді ашық әрі тиімді ұсынуға бағытталған тағы бір нақты қадам.

    Ұсынымдар

    Ел дамуының кепілі

    Ел дамуының кепілі

    1 month ago
    Игілік бастауы

    Игілік бастауы

    1 year ago
    Жылқы институтын құру – дұрыс шешім

    Жылқы институтын құру – дұрыс шешім

    10 months ago
    Тарихи шешім санамызды жаңғыртады – “Алтын адам”

    Тарихи шешім санамызды жаңғыртады – “Алтын адам”

    1 year ago
    Алматы облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

    Алматы облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>