[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қазан 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа кеңсе бой көтерді

    14.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Жаңа кеңсе бой көтерді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Ұйғыр ауданының орта­лығы Шонжыда Халыққа арналған цифрлық кеңсе сал­танатты түрде ашылды. Күннен-күнге дамып жатқан өңірде тағы бір сәні мен салтанаты жарасқан жаңа ғима­раттың ашылуы – тұр­ғындар үшін ерекше қуаныш!

    2023 жылдың 1 наурызында «Әл-Тайыр» ӨК-мен жаңа Халыққа қыз­мет көрсету орталығының құрылы­сын жүргізуге келісімшарт жасалған болатын. Келісімшарттың жалпы сомасы – 1 млрд 168,8 млн теңге. Міне, күні кеше сол жаңа құрылыс нысанының құрылысы толықтай аяқталып, аудандағы цифрлық қызмет көрсететін мекемелер бір орталыққа орналастырылды.
    Бұған дейін әр жерде паналап жүрген АХАЖ бөлімі, жер кадастры, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге қатысты қызметтер, Халыққа қызмет көрсету орталығы ендігі кезекте жаңа кеңседе, бір ғимаратта қызмет көрсетпек. Бұл халыққа қызмет көрсету сапасының жақсаруына едәуір септігін тигізбек. Сондай-ақ бұл жүйе келушілер ағынын тиімді реттеуге, қызмет көрсету уақытын қысқартуға және кезек күтуді азайтуға мүмкіндік береді.
    Жаңа кеңсенің ашылуына қатысқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша басшысы Талғат Бектұрсынов, Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, аудандық арда­герлер кеңесінің төрағасы Ербол Нұрсейітов, қоғамдық кеңес төрағасы Құралбек Бекмұханбетов, «Әл-Тайыр» құрылыс компаниясының өкілі Денис Жуковскийлер лентаны қиып, ізгі тілектерін жолдады.
    Өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы­ның директоры Талғат Бектұрсынов: «Біз мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше мән береміз. Шонжы ауылдық цифр­лық кеңсесінің ашылуы – филиал мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың нәтижесі. Осы маңызды жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Алматы облысының басшысы мен Ұйғыр ауданының әкіміне алғысымды білдіремін», – деді.
    Аудан әкімі Бота Елеусізова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Цифрландыру – жай сән емес, бұл тиімді және ашық басқарудың негізгі құралы. Әрбір азаматқа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру басты міндетіміз» деген сөзін тілге тиек ете келе, Халыққа арналған цифрлық кеңсенің ашылуы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеретін, мемлекет пен қоғамды, азаматтар мен билік арасын жақындастыра түсетін маңызды қадам екенін екшеп айтты. Халыққа қызмет көрсететін орталықтардың бір жерге шоғырлануы тұрғындардың қажетті құжаттар мен ресми қызметтерді жылдам әрі қолжетімді түрде алуына мүмкіндік беретінін де сөз етті.
    «Әл-Тайыр» құрылыс компа­ниясының өкілі Денис Жуковский де жүрекжарды лебізін білдіріп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ербол Нұрсейітов ақ батасын берді.
    Келген қонақтар осы ғимаратта орналасқан жаңғыртылған цифрлық кеңсенің жұмысымен де танысты. Орталық қызметкерлері қонақтарға цифрлық кеңсенің қызметтік аймақ­тарға бөліну ерекшелігін көрсетті. Мұндай құрылым қызмет көрсету секторларына келушілер легін біркелкі реттеуге мүмкіндік беріп, жұмыстың тиімділігін арттырмақ. Қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасауға кең зал мен заманауи жабдықтар да септігін тигізеді. Жаңадан ашылған ХАЦК цифрлық инфрақұрылыммен толық жабдықталған және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора­циясының стандарттарына сай қызмет көрсетеді. Сол себепті ендігі уақытта аудан, ауыл тұрғындары тұрғылықты мекенжайдан шықпай-ақ, 600-ден астам мемлекеттік қызметті заманауи әрі қолжетімді форматта ала алады. Жаңа цифрлық кеңсе – Ұйғыр ауданы тұрғындарының өмір сапасын артты­руға, мемлекеттік қызметтерді ашық әрі тиімді ұсынуға бағытталған тағы бір нақты қадам болды.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Президент: Сайлаудан кейін бірқатар тың бастамаларымды жариялаймын

    Президент: Сайлаудан кейін бірқатар тың бастамаларымды жариялаймын

    3 years ago
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі

    2 months ago
    Шеңгелдіде 8050 гектар егістік игерілді

    Шеңгелдіде 8050 гектар егістік игерілді

    10 months ago
    Үкімет қаулысына толықтыру енгізу жобасы жарияланды

    Үкімет қаулысына толықтыру енгізу жобасы жарияланды

    2 years ago
    Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

    Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>