⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Табиғат сақшыларына құрмет

    18.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Табиғат сақшыларына құрмет
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Орман шаруашылығы қызметкерлері – ұлт болашағына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандар. Олар жылдың төрт мезгілінде табиғат аясында жүріп, орманды бақылап, ағаш егіп, жануарлар дүниесін қорғаумен айналысады. Әсіресе, жазғы өрт қаупі жоғары маусымда олардың жауапкершілігі еселене түседі. Міне, осындай қиын да қызықты мамандық иелері – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті.

    Шараға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы Кеген орман шаруашылығы мекемесінің жаңа ғимаратын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысып шықты. Бұдан соң Мәдениет үйінде өткен жиынға қатысты.
    Салтанатты шарада Мемлекеттік гимн орындалып, жиынға қатысушылар Кеген орман шаруашылығы мекемесінің қызметі мен жетістіктері туралы әзерленген бейнероликті тамашалады.
    Алғашқы сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы орман саласының ел экологиясы үшін маңыздылығын атап өтіп, орманшылардың жанкешті еңбегіне тоқталды.
    – Орманшы – табиғатты сүйіп қана қоймай, оны сақтай білетін адам. Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу тапсырмасын орындауда да орманшылардың үлесі зор. Бұл істе Алматы облысы ерекше белсенділік танытып келеді, – дей келе, орман шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, табиғатты қорғауға зор үлес қосып келе жатқан қызметкерлерді министрлік пен облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен, сондай-ақ «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Барлығы 25 орманшы І, ІІ және ІІІ дәрежелі төсбелгі иегері атанды.
    Келесі кезекте сөз алған Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев:
    – Бүгін біз табиғаттың ажырамас бөлігі орман байлығын қорғап, сақтау мен көбейту ісіне бар ғұмырын арнаған жандардың кәсіби мерекесін атап өтудеміз. Орман – тек жасыл желек емес, ол-тіршіліктің күретамыры, табиғаттың тынысы. Ата-бабамыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаған. Өйткені орман – экологиялық тепе-теңдіктің кепілі, елдің экологиялық қауіпсіздігін сақтайтын табиғи қалқан. Қай кезеңде болсын, орманды сақтау, табиғатты аялау, ұлттың келешегіне бағытталған игі іс болып қала береді. Орман шаруашылығы мекемелері мен табиғатты қорғау инспекциялары жыл сайын мыңдаған түп көшет отырғызып, жасыл аймақ көлемін арттыруда, – дей келе, орман шаруашылығы қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
    Шара барысында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Ақылұлы, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұркен Исатайұлы, қоғам қайраткері Тұрарбек Мәжілұлы сөз сөйлеп, орманшыларға жылы лебіздерін білдірді.
    Туған өлкенің орман байлығын сақтау жолында табанды еңбек етіп, 40 жыл өмірін табиғатқа арнаған сақа орманшы Сағатжан Қасымбековтің айтуынша, орман шаруашылығы саласының басты міндеті орманды қорғау мен сақтау, табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру, орман өсімдіктерінің өсімін арттыру және ондағы жануарлар мен құстардың мекенін қорғау. Бұл – жай ғана жұмыс емес, табиғат алдындағы аманат, ұлт алдындағы борыш.
    – Бұл салада жауапкершілік мол, көшеттерді кішкентайынан қорғап, өсіріп, баптау керек. Күз кезінде орманды өрттен қорғау жұмысы тағы бар. Жас мамандарға айтарым, ерінбей еңбек етіп, жақсы жұмыс жасау керек. Екі баламды осы орман шаруашылығында оқытып жатырмын. Біреуі дипломын алды, енді біреуі биыл оқуын аяқтайды, – деді ардагер орманшы.
    Кеген орман шаруашылығы мекемесінің директоры Айболат Солтанғазиев:
    – 2017 жылы Үкіметтің қаулысымен Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні бекітілген. Бүгінгі таңда кәсіби мерекені Кеген орман шаруашылығында атап өтіп жатырмыз. Жұмысшы мамандықтары жылына орай, биыл мекемемізге жаңа ғимарат салынды. Мекеме 1946 жылы құрылған. Жер көлемі 90 мың гектар, оның ішінде орманды алқабы 27 мың гектар. Екі тұқымбақ бар, біреуі уақытша, біреуі 54 гектар Жалағаш орманшылығында орналасқан базалық тұқымбақ. Кеген орманшылығында 15 гектардан 50 гектар тау бөктеріне екпе көшеттері отырғызылады. Базалық тұқымбақта төрт жылдық Шренка шыршасын тау бөктеріне апарып өсіреміз, – деді.
    Шара соңында аудан өнерпаздары мереке иелеріне арнап ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
    Орманшылардың арқасында еліміздің орман қоры ұлғайып, табиғат байлығы көздің қарашығындай сақталып келеді. Орманды қорғау – туған жерді сақтау. Сондықтан әрбір азамат табиғатқа жанашырлықпен қарап, ағаш отырғызу керек. Бүгін еккен ағаш – ертеңгі ұрпаққа сая боларын естен шығармайық!

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Әсерлі авиашоу
    13.04.2026
    Кәсіпкерлерге қолдау көп
    13.04.2026
    Ұлттың үнбайрағы
    13.04.2026
    Диқандар дала төсінде
    13.04.2026
    Америкалық блогер Алматы облысының туристік әлеуетіне тамсанды
    13.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>