🌧️
4°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ

    17.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    25 қазан – барша қазақстандықтар үшін айрықша тарихи күн. Бұл күн – біздің мемлекетіміздің егемен ел болуға деген нық қадамын білдіретін Республика күні. 1990 жылы дәл осы күні қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация елдің тәуелсіздікке апарар дара жолын айқындады.

    Республика күні – ел тағдырындағы маңызды белес, ұлттық бірегейлікті, еркіндік пен жаңғыру идеясын бейнелейтін мереке. Бұл күн – халқымыздың елдікке деген жігерін, мемлекеттіліктің маңызын сезіндіретін сәт. Егемендіктің алғашқы қадамы осы күннен бастау алып, тәуелсіздік рухы халқымыздың жүрегінде мәңгі орнықты.

    Бүгінгі таңда Қазақстан әлемге өз орнын айқындаған, бейбітшілік пен келісімді ту еткен мемлекетке айналды. Әділетті қоғам орнату жолында қолға алынған реформалар ел дамуының жаңа кезеңін айқындап отыр. Бұл – сол тарихи Декларацияның, сол кездегі батыл шешімнің жалғасы.

    Республика күнін атап өту – өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қарау. Бұл мереке әрбір азаматқа елінің бүгіні мен ертеңіне жауапкершілікпен қарауды еске салады. Себебі Республика – халықтың таңдауы, елдің еркі, ұлттың бірлігінің айғағы.

    Біздің парызымыз – осы құндылықтарды сақтап, келер ұрпаққа аман жеткізу. Әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік рухы, елге деген сүйіспеншілік оты сөнбеуі тиіс.

    Республика күні құтты болсын!

    Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

    Нұрхайын Мұхиддинов,  

    Алатау қаласының қоғамдық пікір көшбасшысы

    Ұсынымдар

    АЭС-ке қажет мамандар елімізде дайындалады

    АЭС-ке қажет мамандар елімізде дайындалады

    1 year ago
    Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты

    Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты

    1 year ago
    Шешімін күткен мәселе көп

    Шешімін күткен мәселе көп

    10 months ago
    NEET санатындағы жастар арасында өткен үстел теннисі турнирі мәресіне жетті

    NEET санатындағы жастар арасында өткен үстел теннисі турнирі мәресіне жетті

    5 months ago
    Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті

    Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>