⛅
-1°C
Қонаев
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Еңбегі еленді

    21.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Еңбегі еленді
    0
    SHARES
    29
    VIEWS

         Құтқарушылардың кәсіби ме­рекесі қарсаңында Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел қауіпсіздігі мен аза­маттардың амандығы үшін басын бәске тігетін бейбіт күннің батырларын марапаттады. Президент қолынан марапат алған құт­қарушылардың арасында Аманжол Сүлейменов те бар.

    Аманжол Әуелнұрұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қаз­сел­денқорғау» мемлекеттік мекеме­сінің «Іле Алатау аумақтық пайдалану техникалық басқармасы» филиалында Есік өндірістік-пайдалану бөлімінің басшысы. Азаматтық қорғау саласында 40 жылға жуық қызмет етіп келеді. «Қазселденқорғау» мекемесінде техник-электриктен басталған еңбек жолында инженер, инженер-электрик, бас механик және учаске бастығы қызметтерін абыроймен атқарып, бүгінде соңынан ерген жастарды құтқарушылық жұмыстың қыр-сырына машықтандырып, тәжірибесімен бөлісіп отырады.
    «Айтып келмейтін табиғи апаттарға жыл он екі ай сақадай-сай тұруымыз керек. Көктемде топырақ көшкіні мен селдің алдын алу үшін арнайы апаттық топ жасақталады. Күннің жылуы да, жауын-шашынның молаюы да селдің қаупін арттырады. Жазда таулардың басында жатқан мореналық көлдердің деңгейін қадағалау үшін маусымдық бекеттер ашылады. Онда күздің аяғына дейін маусымдық бақылаушылар жұмыс істейді. Есік сайында 25, Түрген сайында 20 мұздық көл бар. Олардың суын қауіпсіз деңгейге түсіру жұмысы да үнемі қадағаланады. Күзгі жауын-шашын да – табиғаттың тосын мінез танытуына себеп. Ал қысқы маусымда тау сайларында қар көшкінінің қаупі артады. Сондықтан қар көшкіні аймақтарын қардан тазалап тұру қажет. Мәселен, Түрген сайында 17, Есік сайында 8 қар көшу алабы бар. Бұдан бөлек, топырақ көшу қаупі бар аймақтар болады. Оның барлығы, әрине, үнемі бақылауда», – дейді Аманжол Сүлейменов.
    Қар көшкіні демекші, 2023 жылдың қаңтарында Алматы облысы ТЖД құрамында Асы үстіртінде құтқару іс-шараларына тәжірибелі құтқарушы ретінде Аманжол аға да қатысып, аумақты қар көшкінінен тазарту жұмысын үйлестіруде кәсібилігімен ерекшеленді. Қар құрсауында қалған 134 адам үш тәулік тынбай еңбек еткен құтқарушылардың арқасында аман-есен жақындарының жанына оралды. Бұдан бөлек, 2016 жылғы шілдеде құтқару операциясын жүргізу кезінде Аманжол Әуелнұрұлы құтқарушылардың іс-қимылын жүйелі әрі жедел үйлестіріп, «Қазселденқорғау» мекемесінің екі бақылаушысының аман қалуына өз үлесін қосты.
    «Құтқарушы болу – кез келген төтенше жағдайға дайын тұру, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан адам өміріне араша түсу деген сөз», – деп Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл – батыл жүрек, ерік-жігер мен кәсіби біліктілікті, адами қасиетті талап ететін күрделі де қиын қызмет. Жылдың төрт мезгілінде де тау-тас аралап, өзен-суды бойлап, табиғи апаттың алдын алу үшін жұмысының ыстық-суығына бірдей төзіп жүрген азаматтар үлкен құрметке лайық. Құтқарушылар еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуы керегін Қасым-Жомарт Кемелұлы да атап өтті. Азаматтық қорғау саласында еңбек ететін жүрекжұтқан осынау жандар – өскелең ұрпаққа үлгі болар нағыз қаһармандар. Ендеше, кез келген төтенше жағдайға дайын тұратын, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан, адам өміріне араша түсетін ерік-жігері, өр мінезі мен кәсіби біліктілігі жоғары жандарды насихаттау – ортақ парызымыз.

    Құралай Мұратқызы

    Ұсынымдар

    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін

    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін

    3 months ago
    Халық саны 20 пайызға артты – Статистика

    Халық саны 20 пайызға артты – Статистика

    2 years ago
    Балқаш ауданында ауыл шаруашылығы саласы өркендеп келеді

    Балқаш ауданында ауыл шаруашылығы саласы өркендеп келеді

    2 years ago
    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Алматы облысында оқу жылы қалай корытындыланды?

    2 years ago
    Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

    Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>