⛅
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысының жолдарынан 800-ден асама сынама алынды

    22.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы
    Алматы облысының жолдарынан 800-ден асама сынама алынды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Биыл Алматы облысында республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарына жасалған сараптама нәтижесінде 31% сынама нормативтік талаптарға сай келмейтіні анықталды. Бұл туралы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысының филиалы хабарлады.
    Мекеме өкілдерінің мәліметінше, жергілікті жолдардан 823 материал сынамасы алынып, зертханалық талдаудан өткізілген. Анықталған ақауларды жою бойынша жауапты мекемелермен бірлескен шаралар қабылданатын болады. Мердігерлер нормативтік талаптарға сәйкес қайта қалпына келтіреді.
    Айта кетейік, мекеме өңірдегі жол-құрылыс жобаларына техникалық бақылау жүргізіп, құрылыс материалдарының сапасына сараптама жасайды. Сонымен қатар, жолдардың жай-күйін анықтау мақсатында диагностика және орташа жөндеу жобаларына ведомстволық сараптама жүргізу жұмыстарын атқарады.

    Бүгінде кәсіпорын зертханалық қызметті цифрлық форматқа көшіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. KazRoadLab атты цифрлық платформа сәтті жұмыс істеп тұр. Инженерлер объектіден алынған сынамаларды QR-код арқылы тіркеп, зертханаға жолдайды. Ал сынақ жабдықтарынан алынған мәліметтер планшетке автоматты түрде түсіп, KazRoadLab жүйесінде нақты уақытта өңделеді. Аталмыш жүйе жол сапасын тиімді бақылауға мүмкіндік беріп, саланы жаңа деңгейге көтереді.
    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жол құрылысы мен сапасын бақылау жүйесін цифрландыру – стратегиялық міндет. Кәсіпорынның бұл жобасы цифрлық трансформация бағытындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларына толық сәйкес келеді.

    Ұсынымдар

    Тоғысқан тағдыр

    Тоғысқан тағдыр

    10 months ago
    Ұлттық дәстүрден үлкен спортқа: «Сонар–2025» халықаралық турнирінің қорытындылары жарияланды

    Ұлттық дәстүрден үлкен спортқа: «Сонар–2025» халықаралық турнирінің қорытындылары жарияланды

    4 weeks ago
    Электр құрылғыларын пайдалану қағидалары және қауіпсіздік ережелерін сақтау

    Электр құрылғыларын пайдалану қағидалары және қауіпсіздік ережелерін сақтау

    10 months ago
    Ауқымды құрылыс жылы: Премьер-министр жаңа зауыттар, тұрғын үй және инфрақұрылым туралы мәлімдеді

    Ауқымды құрылыс жылы: Премьер-министр жаңа зауыттар, тұрғын үй және инфрақұрылым туралы мәлімдеді

    11 months ago
    Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

    Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>