⛅
16°C
Қонаев
Сейсенбі, Қазан 28, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа парк

    23.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Жаңа парк
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Экономиканы жаңғыртып, алға ілге­рілетуде логистикалық ифрақұры­лымды дамыту үлкен рөл атқарады. Осы бағыттағы ірі жобалардың бірі – Талғар ауданының Панфилов ауылдық округі аумағында салынып жат­қан жаңа Еуразиялық логис­тикалық парктің құры­лысы. Бұл парк жай ғана логис­тикалық орталық емес, 50 мың шаршы метрлік қойма ғима­раттарын сыйдыра алатын маңызды халықаралық инфра­құрылымдық нысанға айналмақ.

    «Еуразиялық логистикалық парк» ЖШС-ның атқарушы директоры Роман Жужлевтің айтуынша, бұл логистикалық кешен Мемлекет бас­шысының Жолдауы мен бәсекеге қабілетті және орнықты экономика құру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ел инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары аясында құрылатын халықаралық маңызы бар нысан болып саналады. Жобаның құны – 22 млрд теңге.
    – Бүгінгі таңда Қазақстанда қойма ғимараттарының тапшылығы айтарлықтай сезіледі. Сондықтан, біз іске асырып жатқан жоба осы проблеманы шешу жолындағы маңызды қадам деуге болады. Айта кету керек, біз логистикалық орталықтарды дамыту мен салудың ресейлік тәжірибесін пайдалана отырып, қазақстандық логистикалық алаңдарды сапалы мазмұнмен қамтамасыз ету, оларды халықаралық сапа стандарттарына жақындату бойынша стратегияны ұстанамыз. Бұл қазіргі проблемалар тұрғысынан өте маңызды. Парк Алматыдан 30 шақырым қашықтықтағы Панфилов ауылындағы жер учаскесінде, ҮАААЖ (Үлкен Алматы айналма автожолы) жол айырығына жақын жерде бой көтеретін болады. Оның логистика үшiн бiрнеше елеулi артықшылығы бар. Бірінші кезекте Қытайдан келетін импорттық өнiмдерi бар жүк көлiктерi үшiн кіру ыңғайлы болады. Бұл Алматыны және Қазақстанның басқа қалаларын аталмыш импорттық тауарлармен сенiмдi қамтамасыз етуге, кептелістерді айналып өтіп, Алматының кез келген бөлiгiне жылдам кiруге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде тауарларды жеткiзу үдерісін жеделдетедi. Оның үстіне, Алматы арқылы Еуропа, Азия мен Каспий өңірін қосатын негізгі халықаралық логистикалық дәліздердің бірі өтеді. Бұл бағыт қойма және көлік инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік жасайды, әсіресе қойма алаңдарының тапшылығы үлкен Алматы үшін аса маңызды.
    Қазіргі уақытта Қазақстанның қойма нарығының көлемі 1,3 млн шаршы метрді ғана құрайды, бұл ретте Алматыда қойма алаңдарының тапшылығы 0,7 млн шаршы метрден асады. Қазірдің өзінде біз салып жатқан жобаға отандық өндірушілер ғана емес, шетелдік клиенттер тарапынан да жоғары сұраныс байқалады, өйткені қойма ғимараттары «А» сыныбындағы жоғары заманауи алаңдар санатына жатады. Бұдан басқа, компания халықты жұмыспен қамту мәселелерін шеше отырып, 300 адамға дейін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Жобада бірнеше корпустың, әкімшілік және өндірістік, сондай-ақ кеңселердің, медициналық пункттердің, тұрмыстық мақсаттағы нысандардың құрылысы көзделген. Аумағы 13 гектардан асатын учаскеде тек қойма бөлмелері ғана емес, 30 жүк автомобилі мен 52 жеңіл көлікке арналған тұрақ та болады. Соның арқасында 2029 жылға қарай Қазақстан ірі өңірлік сауда-логистикалық хабтардың біріне айналады, – деді болашақ логистикалық парктің ел экономикасындағы алатын орны жайлы әңгімелеген Роман Жужлев.
    Ресейдің өнеркәсіптік кәсіп­орындарының басшылық қызметінде бай тәжірибесі бар Роман Қазақстанда 2019 жылдан бастап жұмыс істейді және жоба өңірге айтарлықтай эко­номикалық серпін беретініне нық сенімді. Оның айтуынша, күрделі шығындар көлемі 22 млрд теңгені және жобаның алғашқы он жылында күтілетін түсім 50 млрд теңгені, ал салық төлемдері 18 млрд теңгені құрамақ. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Сондай-ақ келешекте алаңдарды одан әрі кеңейту және инвестиция тарту жоспарда бар.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Нұрлан Әбдірахым

    Денсаулық сақтау саласы басты назарда

    10 months ago
    123 мың адамға тұмауға қарсы вакцина салынды

    Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы екпе алды

    12 months ago
    Ержүрек панфиловшы

    Ұлы Жеңістің мерейлі белесі

    10 months ago
    Қазақстан президенті: Аралды қорғау қорына көбірек қолдау қажет

    Қазақстан президенті: Аралды қорғау қорына көбірек қолдау қажет

    2 years ago
    Тоғысқан тағдыр

    Тоғысқан тағдыр

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>