⛅
18°C
Қонаев
Жексенбі, Қазан 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Табысқа жетелейді

    23.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Табысқа жетелейді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Жылдан-жылға өндіретін тауарла­рын шетелдерге экспорттайтын отан­дық кәсіпорындардың саны артып келеді. Олардың бірқатары Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында да орналасқан. Соның бірі – таяуда тауық табанының өндірі­сін іске қосқан «Bi Star Group» ЖШС. Қаскелең қаласындағы бұрынғы жеміс-жидек консерві зауытының өндіріс­тік базасында жұмысын бастаған кәсіп­орынның директоры Азамат Жаппасовтың айтуынша, жұмыс өткен жылы желтоқсан айында басталып, толық өндірістік айналым қыркүйек айында жүйеленген. Оған құйылған жеке инвестиция көлемі – 160 млн теңге.

    Жалпы, Қазақстанда тауық табандары итке арналған тағамдарға қосу үшін сатып алынады. Ал мемлекетімізге көршілес жатқан әлемдегі ең ежелгі өркениеттердің бірі болып табылатын Қытай елінде бұл өнім буындарды емдеуге арналған дәрі ретінде қолданылады. «Bi Star Group» ЖШС басшылығы өз кәсібін көршілес халықтың осы бір қажеттілігін ескере отырып, іске асыра бастаған.
    Азамат Сабырұлының сөзінше, бұрынғы зауыттың өндірістік базасына биылғы желтоқсан айында қытайлық құрал-жабдықтар әкелініп орнатылса, тамыз айында сынақ ретінде тауық аяқтарының алғашқы топтамасы дайындалған. Ал қыркүйек айында толық өндірістік айналым құрылды. Инвестиция ретінде құйылған 160 млн теңгенің көбі құрал-жабдық алуға жұмсалды.
    Қажетті шикізат, яғни тауықтың аяқтары басқа отандық өндіруші – «Алель Агро» АҚ-нан сатып алынады. Барлық шикізат та, дайын өнім де арнайы тоңазытқышта сақталады. Өндіріс орнында төрт тоңазытқыш орналасқан. Оның бірі – амортизатор. Ондағы ауа температурасы минус 40 градусқа жетеді, ал басқаларында минус 20 градусқа дейін барады.
    – Арнайы тоңазытқышқа қойылатын өнімдер әп-сәтте қатып қалады. Содан кейін олар тұтынушыларға жіберілгенге дейін кәдімгі тоңазытқыш камераларында сақталады. Жалпы, өнімнің бұл түрін шығаруды қолға алуымыздың басты себебі – тауықтың табаны үлкен сұранысқа ие Қытай Халық Республикасымен іскерлік қарым-қатынас орнату. Қазір Қазақстан мен Қытай арасында біздің өнімдерді Қытайға экспорттау жөнінде келіссөздер жүргізілуде.
    Айта кетейін, бұл елге тауықтың аяқтары әртүрлі елден, соның ішінде Бразилия, Иран, Парагвайдан әкелінеді. Алайда біздің қазақстандық құс еті химиялық заттарсыз, жақсы жағдайда ұсталған. Сондықтан біздің экологиялық таза өніміміз бәсекеге қабілетті. Оған сұраныс жоғары болатынына сенімдімін, – деді Азамат Жаппасов.
    Кәсіпкердің айтуынша, тауық аяқтары адам ағзасының құрылымдық тұтастығының негізі болып табылатын коллаген мен шеміршектің көп болуына байланысты буындарға аса пайдалы. Олар буын шеміршегін қалпына келтіруге және нығайтуға, оның қозғалғыштығы мен серпінділігін жақсартуға көмектеседі, артрит кезінде ауырсынуды азайтады. Сонымен қатар тауық аяқтарының құрамында сүйек пен дәнекер тіндерді қоректендіретін кальций, фосфор, калий және В дәрумендері бар.
    Жаңадан іске қосылған цехтың алаңы 1200 шаршы метрді құрайды. Айта кету керек, жалға алынған үй-жайлар барлық қажетті стандарттарға сәйкес салынған. Анығырақ айтқанда, өндіріс орнындағы едендер арнайы материалдан жасалған. Жұмыстан тыс уақытта цехтарда ультракүлгін, яғни кварцты өңдеу жүргізіледі. Бұл пайда болуы мүмкін вирустарды, бактерияларды, саңырауқұлақтарды және зеңді жоюға, жалпы цехтың ішін зарарсыздандыруға көмектеседі.
    Өндірістік айналым туралы айтатын болсақ, ол бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен тауық табандары мұқият жуылады және арнайы аппарат арқылы қажет емес теріден тазартылады. Сонымен қатар +60 градус температурада термиялық өңдеуден өткізіледі.
    Дайын аяқтарды жұмысшылар тексеріп, қара өсінді секілді ақаулықтары барларды пышақпен тазалайды. Мұнан соң аяқтардан жіліншіктің кішкене бөлігі алынады. Олар ірі қара мен ұсақ мал азықтандыруға, шошқа және құстарға дәруменге минералды қосымша ретінде пайдаланылатын сүйек ұнын жасауға жіберіледі. Қазірдің өзінде бөлінген аяқтар салмағы мен өлшемі бойынша сұрыпталады. Ең ірілері үшінші санатқа жатады. Олардың барлығы салмағын ескере отырып оралған.
    Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы тәулігіне 6 тоннаға дейінгі өнімді құрайды. Жұмыс орындарының саны – 23. Мұндағы жұмысшылар негізінен Қаскелең қаласы мен жақын маңдағы ауылдардың жергілікті тұрғындары. Жаңа тапсырыстар түскен сайын өнімділікті 8 тоннаға, жұмыс орнын 40-қа жеткізу жоспарлануда.
    Жұмысын бастағанына аз уақыт болса да «Bi Star Group» ЖШС-ның ауқымы үлкен. Ол болашақта Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды стратегиялық бизнеске айналуы әбден мүмкін.

    Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    №4 жағажайға қатысты мәлімдеме

    3 months ago
    «Алатау лигасының» жаңа маусымы басталады

    «Алатау лигасының» жаңа маусымы басталады

    7 months ago
    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    1 year ago
    Білім ошағында аллея ашылды

    Білім ошағында аллея ашылды

    11 months ago
    Ғасыр белесінде

    Ғасыр белесінде

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>