❄️
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаев аспанында

    ұлттық құндылықтар бейнеленді

    30.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Қонаев аспанында
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қонаев шаһарында Республика күніне орай мыңдаған тұрғын мен қала қонақ­тарын тамсандырған мерекелік шара өтті. Орталық алаңда эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, патриоттық әндер, тыңдарманның жүрегінен орын алған танымал әуендер шырқалды. Шараның ең әсерлі тұсы қала аспанын түрлі-түсті шаммен көмкерген дрондар шоуы болды. Мұндай шоу Қонаев қаласында бірінші рет өткізілді.

    Әуеге көтерілген 500-ден астам дрон түрлі бейнеге еніп, ел тарихы мен өңір ерекшелігінен сыр шертті. Қазақстан Туы, картасы, киелі домбыра, Алматы облысының нышаны саналатын қар барысы, Алтын адам мен қып-қызыл апорт бейнесі, құттықтау жазбалары көрерменнің патриоттық сезімін оятып, еліне деген сүйіспеншілігін арттырды. Әсіресе ақырын басып, алға жылжып бара жатқан қар барысының көрінісі өңірдің де даму жолын, бағындырар белесін суреттегендей. Шоу аяғында жұртшылық көк аспанда дронмен жазылған Әнұран мәтіні мен Тутұғырға қарап, Мемлекеттік Гимнді шырқады.
    Қала тұрғыны Ақбота Жұмағазы: «Мұндай шоуды алғаш көруім. Әсем бейнелер көздің жауын алып, көңілге ерекше қуаныш сыйлады. Әсіресе Қазақстан Туы бейнеленгенде кеудемді мақтаныш сезімі кернеді», – деп өз әсерімен бөлісті.
    Осылайша орталық алаңға жиналған қауым керемет кештің куәсі болып, ән-жырдың әуезіне елітіп, әуеде қалықтаған ұлттық болмыстың көрінісін тамашалап, ерекше күйге бөленді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Көші-қон заңнамасын бұзған 500ге жуық шетелдік анықталды

    Көші-қон заңнамасын бұзған 500ге жуық шетелдік анықталды

    1 year ago
    Ақтауда Mangystau International Tourism Forum басталды

    Ақтауда Mangystau International Tourism Forum басталды

    3 months ago
    Алматы облысында «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 42 адам грант алды

    Алматы облысында «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 42 адам грант алды

    3 years ago
    Асылы Осман, Гүлнәра Ходжабергенова

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ

    3 years ago
    Самсыға көгілдір отын келді

    Самсыға көгілдір отын келді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>