⛅
8°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балаларды кітаппен тәрбиелейік

    01.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Балаларды кітаппен тәрбиелейік
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығына облыстық қоғамдық кеңес өкілдері үшінші мәрте кітап әкелді. Қоғамдық кеңес осыған дейін екі рет Балаларды қолдау орталығына барып, олардың әрқайсысының жас ерекшелік­теріне сай кітаптар сыйлаған еді. Айта кетейік, содан бері балалармен жүздесу тұрақты түрде дәстүрге айналып отыр. Бұл жолы да облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Қазыбек Дәуітәлиев пен оның мүшелері Зинаш Күштекова, Риза Сауырбаева, Мөлдір Иманмәди арнайы барып, балалармен мәре-сәре болды.

    Осыған дейінгі кездесуде балалар оқығысы келетін кітаптардың тізімін берген еді. Сол тапсырыс өз деңгейінде жүзеге асты. 11 жасар Денис ғажайыптарды жақсы көргендіктен, сол жанрдағы туындыны алса, Диар мен Сергей болашақта полиция болуды армандап, сақшылыққа баулитын кітаптарды иеленді. Ал Әлихан болса, өзінің есімін тектен-тек қойылмағанын біліп, Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов туралы көбірек білгісі келетінін жеткізген. Өзіне тарту етілген кітаптарды көрген балалар қуанғаннан төбесі көкке бір елі жетпей қалды. Нұржанды өткен тарих қызықтырады екен, ол Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалын» оқуды мақсат тұтыпты. Әнге жаны құмар Николай «Школьные песенки» кітабын, дәрігерлер туралы туындыны Нұржан еншіледі. Бес жасар Айсұлтан әдемі суреттермен көмкерілген құрастырғыш кітапшасы қолына тигеннен ары-бері құрастырып, әлек болып қалды. Зомбилер туралы қорқынышты әлемді ұнататын Қуаныш та, астрономия қызықтыратын Дамир де дегендерін қолына тигізді.
    Үріп ауызға салардай, нәзіктік пен сұлулықтың символы болған қыздар жағы табиғат берген болмысынан алшақтамапты. Кір шалмаған аппақ көңілдері жанына жақын туындыларымен қауышты. Поэзияға біртабан жақын Раина Абай шығармаларын оқумен қатар, анаға қатысты кітапты оқуды мақсат тұтса, Іңкәр «Өзіңді бағала», Нұрай «Өмірдің аты М» деген туындылармен сусындамақ. Жалпы, балалар әлемдік бестселлер Гарри Поттерді жақсы білумен қатар, терең түсіну үшін оқығысы келетіндерін әр барған сайын айтады. Өткенде орысша 7 томдық Гарри Поттер кітапхана сөресіне түссе, осы жолы қазақшасымен толық жеткізілді. Осындайда оқимын деген ұрпақ болса, кітап беруге әзір алдыңғы толқынның бары жанға қуат береді.
    «Қалауын тапса, қар жанар» демекші, расында кітап оқытудың түрлі тәсілі бар. Тек соның көзін таба білу керек. Кездесу барысында облыстық қоғамдық кеңес мүшелері балалармен емен-жарқын сөйлесті. Сұрақ-жауап бөлімін жасады. Жасөспірімдердің қалауын мұқият қадағалады. Оқыған туындыларының мазмұнын сұрады. Ешкім де «Мен үлкенмін, шен-шекпенім бар» демеді. Барлық лауазым иелері мұнда тәтті балалық шаққа саяхат жасап, балаларды қуантты. Мұндағы ұтқан тұс – осы айрықша қарым-қатынастан балалардың қуанғанын көру, арманын білу, келешегіне жол ашу.
    Президент Қ. Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларының бірі «Балалар кітапханасы» мен «Біртұтас тәрбие» бастамалары еді. Жаңа бастама аясындағы іс-шараның бірі осы десек, қателеспейміз. Президент тапсырмасын жүзеге асырып әрі балаларды рухани бақытты ете білу де – үлкен еңбек!
    Облыстық қоғамдық кеңестің миссиясы әлі де өз жалғасын таппақ. Өйткені бұл жиын да балалардың басқа аманаттарын арқалатты. Оны уақытында тағы бөлісерміз, көзіқарақты оқырман!

    Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ,
    Алматы облыстық қоғамдық кеңесінің баспасөз хатшысы

    Ұсынымдар

    Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

    Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

    2 years ago
    Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды

    Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды

    10 months ago
    «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: АУЫЛДЫҚ ӨҢІРЛЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

    «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: АУЫЛДЫҚ ӨҢІРЛЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

    2 months ago
    30 метрлік бәліш, ойын-сауық пен спорт: Қонаев қаласының 55 жылдығы тойланды

    30 метрлік бәліш, ойын-сауық пен спорт: Қонаев қаласының 55 жылдығы тойланды

    1 month ago
    Ауылдық округ әкімдері сайланды

    Ауылдық округ әкімдері сайланды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>