☀️
7°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: ПРАНК – ПАРЫҚСЫЗ ӘРЕКЕТ

    01.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Партия
    Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: ПРАНК – ПАРЫҚСЫЗ ӘРЕКЕТ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         – Бүгінгі сөзім «Ойын түбі – от, тұман түбі – жұт» дегенді санасына сіңірмеген селтеңбайлар туралы болмақ. Қазір қоғамда пранкпен парақшасындағы лүпілдің санын арттырғанмен парасат биігінен омақаса құлағандар қаптап кетті. Адамды қорқытуды, қоғамдық орында ақымақтық жасауды қызық көріп, әзілдің шекарасынан шығып кеткен әркімдер әлеуметтік желіде әлек салуды доғармай тұр.
    Нақты мысал айтайын. Астана қаласында блогер достарымен бірге жеделсаты ішіне жалған «мәйітті» кіргізіп, кейін жарықты өшіреді. Сол сәтте мәйіт кейпіндегі адам қозғала бастайды. Жеделсатының ішінде болғандардың жан дауысы шығады. Елорданың тағы бір тұрғыны жеделсатыға тапаншамен кіріп, оны адамдарға кезеп, зәре-құтын алады. Алматыда блогерлер аула сыпырушыларға қоқыс лақтырып, мазақ етіп, бейнежазба түсіріп таратады. Мұндай мысал мың! Желіге желімдей жабысқандар пранк деп атайтын бұл әрекеттердің ақылға томпақ екенін аңғару қиын емес.
    Ол ол ма, біздің блогерсымақтар шетелге барып, абыройды айрандай төгіп жүр. Мәселен, қазақстандық блогер Аружан Айбекова Қытайда ұрлық жасап жатқандай бейнекөрініс түсірген. Арты үлкен шу болып, ақыры әлгі қыз жергілікті полицияға шақырылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бірақ ол түсінді ме? Өйткені дәл осы блогердің арада аз уақыт өткенде Ташкент метросында жігіттердің қолынан ұстап, тиіскені туралы бейнежазба тағы тарады. «Ойыннан да омыртқа сынатынын» білмейтін мұндай блогерсымақтарды қатаң жауапқа тартатын кез келді. Себебі бұл адамның жеке өміріне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу!
    Қазір пранк деген парықсыз әрекеттің тағы бір түрі пайда болды. Ол жасанды интеллектімен жасалады. Бірінде Мемлекет басшыларының, лауазымды тұлғалардың қандай да бір дүкенге сауда жасауға келгені бейнеленген. Цифрлық технологияны білмейтін адамның санасы сан саққа жүгіреді, сеніп қалады. Маркетинг үшін деп жасанды интеллект арқылы жүгенсіздікке баруды тоқтату керек. Тағы бір пранкте балалар ата-аналарына «Танымайтын адам үйге келіп тұр, не істейміз?» деп нейрожелі арқылы беймәлім адамның үйге кіріп кеткен, пәтерді аралып жүрген суреттерін жібереді. Зәресі ұшқан ата-ана полицияға телефон шалады, жұмысын тастап, үйіне барады. Ақырында бұл пранк деп бала-шаға бейқам отырады. Дәл сол уақытта полиция шын мұқтаж адамға көмекке баруға үлгермей қалуы мүмкін, оны интернетте отырғандар ұқпайды.
    Ол ол ма, жуырда бір блогердің тірідей табытқа жатып, өзін көміп, «24 сағат табытта» атты челлендж бастағанын қоғам қатаң сынға алды. Хәкім Абай «Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, зияны тимек» деген уағында. Сондықтан өлшемге өресі жетпейтіндерді заңмен тұсайтын кез келді.
    Осыған орай пранк барысында қоғамдық тәртіпті бұзған, жеке адамның өміріне қол сұққандарды анықтап, олардың бірыңғай тізімін жасап, жариялауды, қауіпті пранк арқылы адамның ар-намысы мен абыройына қол сұққандардың әлеуметтік желідегі парақшаларын дереу бұғаттап, әлеуметтік желі әкімшілерінен қауіпті пранктер мен бейнежазба жарияланған парақшаларды зерттеп, уәкілетті органға жедел хабарлауды, мұндай теріс құбылыстың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде, нәтиже беретін контент ретінде жүргізуді орынды ұсыныс деп санаймын.

    Ұсынымдар

    ТАҒАЙЫНДАУ

    ТАҒАЙЫНДАУ

    10 months ago
    Мемлекет басшысы:«Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс»

    Мемлекет басшысы:«Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс»

    1 month ago
    6 тонна гуманитарлық көмек жиналды

    6 тонна гуманитарлық көмек жиналды

    2 years ago
    Еңбектері елеулі

    Еңбектері елеулі

    4 weeks ago
    Үйі өртеніп кеткен тұрғындар баспаналы болды

    Үйі өртеніп кеткен тұрғындар баспаналы болды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>