⛅
3°C
Қонаев
Жексенбі, Қараша 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Серіктестік серпін береді

    06.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Серіктестік серпін береді
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

         Қазіргі таңда қоғамның даму қарқыны медицина саласына да тың серпін беріп отыр. Емдеу ісінде заманауи технология мен инновациялық әдістерді қолдану ғана емес, сонымен қатар білікті мамандар даярлау, ғылыми ізденіс­­­терді тереңдету – басты міндет­тердің бірі. Осы мақсатта Есік жоғары медицина колледжінде «Медициналық білім мен ғылым дамуының заманауи үрдістері» атты халықаралық ғылыми конферен­­ция өтті.

    Іс-шараға Өзбекстан Республикасы орта буындағы медицина қызмет­кер­лерінің біліктілігін арттыру және мамандандыру жөніндегі респуб­ликалық орталықтың дирек­торы, медицина ғылымының докторы, профессор Лола Мусаджанова бастаған бір топ медицина саласының қызметкерлері арнайы келді. Сонымен қатар Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы мен Шелек жоғары медицина колледжінің қызметкерлері де қатысып, ой бөлісті.
    Конференцияның ашылуында Есік жоғары медицина колледжінің директоры Айнұр Сатаева: «Бүгінгі шара – тек тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар болашақ серіктестіктің берік іргетасы. Есік жоғары медицина колледжі – аймақтағы медициналық кадрлар даярлауға үлкен үлес қосып келе жатқан білім ордасы. Ал халықаралық байланыстар бұл жұмыстың жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді», – деп саладағы жаңа мүмкіндіктермен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыстар жайлы да атап өтті.
    «2002 жылы жұмысын бастаған колледж мемлекеттік лицензияға ие және мемлекеттік стандарттарға сәйкес жұмыс істейді. Бүгінде мұнда емдеу ісі, мейіргер ісі, фармация және ортопедиялық стоматология сынды төрт түрлі мамандықта 886 студент білім алуда», – деген колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Саида Чачидзе сырттан келген қонақтарға колледждің тыныс-тіршілігін толық таныстырып, оқу орнының жетістіктері мен халықаралық серіктестігі жөнінде баяндама жасады.
    Басқосу барысында медициналық білім берудегі өзекті мәселелер мен инновациялық тәсілдер талқыланып, конференция қонақтары баяндама жасады. Өзбекстаннан келген қонақ Лола Халилжанқызы екі ел арасын­дағы медициналық байланыстың нығайып келе жатқанын атап өтіп, жуырда Өзбекстанда өткен Қазақстан медицинасы күндері туралы да кеңінен сөз қозғады. «Мұндай іс-шаралар екі ел дәрігерлерінің кәсіби тәжірибе алмасуына, кадр даярлау ісі, цифрлық трансформация және инновациялар­ды енгізу бағытында мол мүмкіндік береді. Медицина саласындағы ғылыми жаңалықтар мен жеткен жетістіктер дені сау ұлт, салауатты өмір салтын ұстанатын қоғам қалыптастыруда үлкен маңызға ие», – деді ол.
    «Бүгінгі таңда колледж түлектерінің 70-80 пайызы аудандық аурухана мен емханаларда жұмыс істейді. Бұл – оқу орнындағы тәжірибелік оқытудың жоғары сапасының айқын көрінісі», – деген Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасының бас мейірбикесі Жанар Қазиева «Мамандарды даярлауда тәжірибеге бағытталған оқытудың рөлі» тақыры­бында баяндама жасап, колледж студенттерінің ауруханада тәжірибеден өту жүйесін таныстырды.
    Конференцияда сондай-ақ цифр­­­­­­­лық техно­логиялардың білім беру проце­сіне әсері, мейіргер ісі мен фарма­ция сала­сындағы заманауи тәсіл­дер талқыланды.
    Ақпарат­­­тық техно­логиялар бөлімінің өкілі Гүлдана Серікова медициналық оқытуда цифрлық платформа мен қашық­тық­тан оқытудың тиімділігін атап өтті. «Бүгінгі студент – цифрлық буын өкілі. Сондықтан медициналық білім беруде IT-технологияны пайда­лану – уақыт талабы», – деді ол баяндама­сында.
    Конференция соңында салтанатты түрде Қазақстан мен Өзбекстан оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы халықаралық меморандумға қол қойылды. Бұл құжат екі елдің медицина колледждері арасында ғылыми жобалар мен бірлескен оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға, студенттер мен оқытушылар алма­суын дамытуға жол ашады. Жиын­ға қатысушылар бұл келісім бола­шақ­та медицина ғылымы мен білім саласындағы интеграцияны күшейтетініне сенім білдірді.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Іскерлік байланыс – ілгерілеу кепілі

    Іскерлік байланыс – ілгерілеу кепілі

    2 days ago
    Қараусыз қалған автобекет

    Қараусыз қалған автобекет

    4 months ago
    Ардагерлер “Алматы-Қонаев” марафонын бағындырды

    Ардагерлер “Алматы-Қонаев” марафонын бағындырды

    11 months ago
    Алматы облысында 6 мың гектардан астам аумақ өртенді

    Алматы облысында 6 мың гектардан астам аумақ өртенді

    2 years ago
    Сақ стилінде айшықталды

    Сақ стилінде айшықталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>