⛅
2°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Саяжай тұрғындарымен кездесу: Бас жоспар мәселесі талқыға салынды

    13.11.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Саяжай тұрғындарымен кездесу: Бас жоспар мәселесі талқыға салынды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Алтын алма, Құрылысшы саяжай массивтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

    Негізгі баяндамадан соң тұрғындар өздерін толғандыратын бірқатар сұрақтарды қойды. Оның негізгісі саяжайларға шағынаудан мәртебесін беру болды.

    «Бұл мәселе тек Бас жоспар бекітілгеннен кейін шешімін табады. Аталған құжатқа өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Оның оң қорытындысы шығарылса, қаланың шекарасы бекітіліп, саяжай массивтеріне шағынаудан мәртебесі беріледі. Барлық процесс ауқымды жұмыс екенін естен шығармайық. Уақыт қажет» – деді әкім.

    Шаһар басшысының сөзіне сүйенсек, Бас жоспар бекітілгеннен кейін ауыз су тарту, жаңа жол салу жобалары дайындалады.

    Қала әкімі түйткілдің түйіні тарқамай тұрғанына қарамастан, соңғы жылдары мұнда айтарлықтай жұмыс жасалғанын да атап өтті. Мысалы:

    • Саяжайларға балалар, спорт алаңдары салынды;

    • ауыз су құбырлары мемлекет меншігіне алынып, «Қонаев Су Арнасы» мекемесінің иелігіне өтті;

    • 81,3 шақырым электр желісі ауыстырылып, жөнделді;

    • көше жарығы орнатылды;

    • кейбір аумақтарда жол жөнделді;

    • аялдамалар мен жасанды жол дөңестері қойылды;

    • бейнебақылау камералары орнатылды;

    • мемлекеттік мекеме 1200 метр ауыз су құбырын жаңартты (абоненттер жыл соңына дейін жаңа желіге қосылады);

    • барлық саяжайға газ тарту бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленуде.

    Сонымен қатар халық үй жануарларының иесіз қаңғып, көшелерде жүретінін айтып, шағымданды. Бұл сұрақ полиция басқармасының бақылауына алынды.

    Айта кетейік, Қонаев қаласының аумағында 8 саяжай кооперативі орналасқан.

    Ұсынымдар

    Жаңа қадам

    Жаңа қадам

    2 years ago
    Жамбыл ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары жасалып жатыр

    Жамбыл ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары жасалып жатыр

    3 years ago
    Иіс сезіп жүрсіз бе?

    Иіс сезіп жүрсіз бе?

    1 year ago
    Жаңа мектеп, ыстық тамақ, оқушылар автобусы

    Жаңа мектеп, ыстық тамақ, оқушылар автобусы

    2 years ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады»

    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады»

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>