☀️
-6°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тарихы терең, еңбегі ерен

    15.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Тарихы терең, еңбегі ерен
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Қаскелең қаласында орналасқан В.Белинский атындағы орта мектеп – Қарасай ауданындағы ең көне оқу орны. 1867 жылы ашылған білім шаңырағының алғашқы мұғалімі Ананий Бутин болған. Кейін мұнда осы мектептің түлектері Пичугин мен Колмогоров дәріс берген.

    1884 жылдан бастап оқу-тәрбие процесін Түркістан педагогикалық училищесін тәмамдаған Захар Колчин кәсіби деңгейде жүргізе бастайды. 1889 жылы тұрғындардың және отставкадағы губерниялық хатшы А.Кудриннің қаржысына жаңа мектеп бой көтереді.
    1948 жылы білім шаңырағына В.Белинскийдің есімі беріледі. Оқу орнын әр кезеңде Захар Колчин, Иван Палехов, Михаил Ким, Ш.Ибраев, Василий Шершаков, Иван Алтухов, Владимир Хальзов, Раиса Ешімова, Сәуле Меңдеқұлова, Айгүл Кемпірбаева басқарған.
    1988 жылы ескі мектепте соңғы бітіруші түлектер оқып шықты. 1990 жылы ақпанда мұғалімдер мен оқушылар жаңа ғимаратқа көшті. 2000 жылы аталған білім шаңырағы «Жыл мектебі» республикалық байқауының жеңімпазы атанып, елдегі 50 үздік мектептің қатарына енді. Өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан, ұстаздар жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысын жалғастырды. Мұғалімдер арасында жаңаша оқыту әдістерін енгізуге бағытталған семинар мен байқаулар ұйымдастырылды.
    Қазіргі таңда мектеп директоры – Тұрсын Сайбырова. Ол жаңашылдық пен заман талабына сай реформаларды жүзеге асырып келеді. Мұнда 200 мұғалім еңбек етіп, 3094 оқушы білім алады.
    – Жаңа оқу жылын мектебіміз гимназия мәртебесімен бастады, – деп қуанышымен бөлісті Тұрсын Әділбекқызы. – Бұл – бүкіл ұжымның ауызбіршілігі мен табанды еңбегінің жемісі. Мәртебе беру кезінде білім сапасы, ғылыми жобалар мен олимпиа­далар нәтижесі, мұғалімдер­дің кәсіби деңгейі мен тәрбие жұмысының дамуы ескерілді. Бұған дейін «Жас полиция» жобасы аясында аудан бойынша алғашқы кадет сыныбын, сонымен қатар мектеп тарихында алғаш рет GSED бағдарламасы аясында халықаралық сынып аштық. Мектеп «Swiss Innovators Club» білім беру қауымдастығымен меморандумға қол қойды. Енді 3-11 сынып оқушылары негізгі біліммен қатар онлайн және оффлайн режимде ағылшын тілін оқиды. Нәтижесінде, мектепті бітірген соң мемлекеттік үлгідегі аттестатпен қатар халықаралық үлгідегі орта білім туралы диплом алады. Бұл оларға әлемнің кез келген елінде грантпен оқуға мүмкіндік береді.
    Осылайша, В.Белинский атындағы орта мектеп – өңіріміздегі ең көне оқу орны ретінде танылып, онда білім мен тәрбие, шығармашылық пен спорт, ұлттық құндылықтар мен заманауи жаңашылдық үйлесімді дамып келеді. Мұнда еліміздің болашағын қалыптастыратын саналы, зияткер, патриот ұрпақты тәрбиелеу бағытында үлкен жұмыс жүргізілуде.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Алатау қаласында жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды
    12.03.2026
    Коалиция өкілдері №3 орта мектеп ұжымымен жүздесті
    12.03.2026
    Президент: Арнаулы режим ел тұтастығына қауіп төндірмейді
    12.03.2026
    Тұздыбастау ауылының амбулатория ұжымында Конституциялық реформа талқыланды
    12.03.2026
    ЕҢБЕК – БЕЙНЕТ ЕМЕС, ЗЕЙНЕТ
    12.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>