⛅
-21°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қаржыгерлер марапатталды

    15.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Қаржыгерлер марапатталды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен және Ұлттық валюта күнімен құттықтады. Бүгінгі таңда облысымыздың жеткен жетістіктеріне олардың қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

    – Биыл теңгенің қаржы нарығында айналымға еніп, егемен еліміздің темірқазығына айналғанына 32 жыл толды. Қаржыгерлердің ерен еңбегі, білімі мен білігінің арқасында өңір экономикасы қарқынды дамып келеді. Соңғы екі жылда ротациялық өңірлер арасында жиналған салық көлемі бойынша бірінші орындамыз. 2023 жылмен салыстырғанда түсім 120 млрд теңгеге өсіп, 130 пайызға орындалды. Бұл үрдіс биыл да жалғасуда. Соңғы үш жылда өңірдің жалпы өнімі 4,3 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге өсіп, облыс республикада 9-дан 5-орынға көтерілді. Қаржы саласы қызметкерлерінің тиімді жұмысының нәтижесінде тұрақты экономикалық өсім сақталуда, – деген Қанат Болатұлы бірқатар қызметкерді марапаттады.
    «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісін Бибігүл Ұзақова, Ерлан Шатанов, Қаржы министрлігінің Алғыс хатын Ләззат Мүсірепова, Сымбат Сағындықова, Махаббат Қожабеков және өзге де қызметкерлер еншіледі. Ал Сәуле Батырбекова, Әлия Далбағаева, Сайрангүл Әбекенова және тағы басқа мамандарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.
    Марапат иегері атанған облыстық қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Ұзақова еңбегінің еленіп, құрметке бөленіп жатқанына қуанышты екенін айтты. «Қаржы саласында жұмыс істеп жатқаныма 25 жылдан астам уақыт болды. Алғашында жай ғана қызметкер болып бастағанмын. Ақырын жүріп, анық басып, осы дәрежеге де жеттік. Қоғамда қаржыгерлердің жұмысы көріне бермейді. Бірақ олардың атқарып жатқан істерінің маңызы зор. Бұл сала кішкентай қатені де кешірмейді, үлкен тиянақтылық, қадағалау керек. Әріптестерімді кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Еліміздің дамуы үшін талмай еңбек етіп, табысқа жетулерін тілеймін», – деді ол.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Қиналған жұртқа дем берді

    Қиналған жұртқа дем берді

    2 years ago
    Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін өзгертсін – Президент

    Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін өзгертсін – Президент

    2 years ago
    Алматы облысында орман өрті 2 есеге азайды

    Алматы облысында орман өрті 2 есеге азайды

    2 years ago
    Балаларды құтқару үшін өмірін қиған азаматтың отбасына құрмет көрсетілді

    Балаларды құтқару үшін өмірін қиған азаматтың отбасына құрмет көрсетілді

    2 years ago
    Жаңа цех іске қосылды

    Жаңа цех іске қосылды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>