☀️
2°C
Қонаев
Жұма, Қараша 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бала тәрбиесі – бесіктен!

    20.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Бала тәрбиесі – бесіктен!
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Бала тәрбиесі тек мектепте ғана емес, отбасы­нан басталуы тиіс. Балалардың қоғамдағы мінез-құлқы үшін ата-аналар тікелей жауапты. Осы мәселеге орай Талғар ауданында облыс әкімдігінің бастамасымен бала тәрбиесіне арналған кеңес өтті. Жиынға қатысушылар баланың дұрыс қалыптасуы, ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ зорлық-зомбылық, әлімжеттік, өзіне-өзі қол жұмсау деректері туралы ашық айтты. Іс-шара профилактикалық сипатта болды және қоғамда теріс әрекеттердің алдын алуға бағытталды.

    Талғар аудандық Мәдениет үйінде өткен жиынға ­құ­қық қорғау ұйымдарының, Отбасын қолдау орталықтарының өкілдері, психологтар, балалар құқығын қорғаушылар жиналды. Зал оқушылар мен ата-аналарға лық толды. Іс-шараны облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Айғана Асанова ашты. Ол Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған мектептердегі әлімжеттік пен зорлық-зомбылықты жою туралы міндеттердің маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда облыста жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
    Баяндамашы балалардың тектен-текке өзіне-өзі қол жұмсамайтынын, бұған ата-аналар, құрдастары, педагогтер тарапынан болған зорлық-зомбылық сияқты бірқатар фактордың итермелейтінін атап көрсетті. Оның айтуынша, биылғы жылы Психологиялық денсаулық және Балаларды қолдау орталықтарының күшімен 36 профилактикалық іс-шара өткізіліп, оған 5500 оқушы қатысқан. Суицид сияқты жағымсыз көріністі болдырмау үшін мәселені тыңдап, оны шешу жолдарын көрсететін мектеп психологына жиі жүгіну қажет.
    Балалар құқығын қорғау жөнін­дегі облыс бойынша уәкіл Айгүл Есімбекова зорлық-зомбылық, әлімжеттік болған жағдайда қайда жүгіну және өзін қалай қорғау керектігі туралы айтып берді. Осыған байланысты әр мектепте психологиялық қолдау қызметінің QR-коды «111» орналастырылған. Бұдан басқа, мектептер мен кол­ледждерде зорлық-зомбылық­тың алдын алуға арналған «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы енгізілген. Айгүл Қанатқызы сондай-ақ «Жанұя» отбасын қолдау орталығынан білікті психологиялық көмек пен қолдау көрсететін, тестілеу өткізетін «Ата-ана университеті» деп аталатын цифрлық платформа бар екенін жеткізді. Ол өз-өзіне қол жұмсаудың 60%-ы жанжалдан және отбасындағы қолайсыз жағдайлардан туындайтынын мәлімдеді. Өзінің көпжылдық тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, ол биыл ҰБТ тапсыру кезінде 60 бала ата-аналардың қисынсыз талаптарының салдарынан қауіп-қатерге ұшырағанын және олар психологиялық қолдау орталық­тары­на хабарласып, көмек сұрағанын жеткізді.
    Оның айтуынша, балалар кәмелеттік жасқа толма­ғанына қарамастан, 14 жастан бастап заңға қайшы мінез-құлқы мен қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Биылғы жылы 102 бала түрлі жауапкершілікке тартылған.
    Талғар аудандық полиция басқар­масы бастығының орынбасары Берік Нұрғалиев отбасының бала өміріндегі басты тәрбиеші екенін еске салып, түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын клубтарына баруы туралы деректерді жариялады.
    – Олармен жағымсыз жағдайлардың алдын алу жөнінде әңгімелер өткізіп, ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларын кешкі сағат 22.00-ден кейін жібермеуге кеңес береміз, – деді ол.
    Аудандық прокуратураның аға прокуроры Рашид Шотбаев та осындай ой айтты. Психолог Мөлдір Әміртайдың ата-аналар мен балалар арасындағы психологиялық проблемалар туралы әңгімесі де әсерлі шықты. Айтуынша, жасалған суицидтердің 80%-ы ата-аналардың қысымынан болады. Сондықтан ол істі шектен шығармауға және білікті көмекке жүгінуге шақырды.
    Жиында облыста өз-өзіне қол жұмсау деректері өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайғаны айтылды. Оған әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша барлық мүдделі құрылымдардың бірлескен жұмысы әсер еткен.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    6654 әскери бөліміне – 63 жыл

    6654 әскери бөліміне – 63 жыл

    2 weeks ago
    Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын зауыт ашылды

    Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын зауыт ашылды

    3 months ago
    9 мыңға тарта азамат қаржы сауатын арттырды

    9 мыңға тарта азамат қаржы сауатын арттырды

    2 years ago
    Дерт дер кезінде ауыздықталса

    Дерт дер кезінде ауыздықталса

    1 year ago
    Қор міндеттерінің бірі – науқастармен кері байланысты бақылау

    Қор міндеттерінің бірі – науқастармен кері байланысты бақылау

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>