☀️
2°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ілгерілеу кепілі

    01.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Ілгерілеу кепілі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған жауап­ты саланың жетекші мамандары Түркияның «Nata Holding» компаниясы өкілдерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жиын барысында облыстағы құрылыс пен инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде жол, көпір және инженерлік жүйелерді жаңғырту, индустриялық аймақтар мен логистикалық нысан­дарды салу мәселесі талқы­­ланды. Сонымен қатар тұрғын үй, сауда және бизнес бағы­тын­дағы жобаларды іске асыру, туризм саласында жаңа демалыс аймақтары мен қонақүйлер тұрғызу, жергілікті құрылыс материалдары өнді­рісін дамыту мүмкіндіктері қаралды.

    Марат Елеусізұлы өткен айда компанияның Қазақстандағы өкілдерімен кездескенін айтып, бұл жиынға холдингтің жоғары басшы­лығының келуі аймаққа деген үлкен құрметтің белгісі екенін жеткізді. «Бүгінде Алматы облысы – елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және жаңа өндіріс аймақтарын құру бойын­ша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Облыста 1 млн 600 мыңға жуық адам тұрады. Өңірдің тыныс-тіршілігі ауыл шаруашылығымен байла­нысты. Оның әр бағыты бойынша республикада алғашқы үштікте тұрмыз. Өндіріс саласы да жақсы дамып келеді. Көптеген құрылыс материалдары Алматы облысында шығарылады. Соңғы екі жылда көрсеткіш төрт есеге көбейді. Әсіресе Өзбекстан мен Қырғызстанға көп экспортталуда. Жалпы ішкі өнім соңғы үш жылда 3,4 трлн-нан 6 трлн теңгеге артты. Шекарамыз Қытай, Қырғызстан елдерімен шектеседі. Қазақстандағы ең ірі мегаполис Алматы қаласы да біздің облыспен шектеседі. Сондықтан да инвесторлар үшін өңірде түрлі жобаларды іске асыру өте ыңғайлы әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деген аймақ басшысы өзекті мәселелерге де тоқталып өтті. Айтуынша, Қонаев қаласының облыс орталығы атанғанына үш жылдан астам уақыт қана болғандықтан, инфрақұрылым бойынша шешімін таппаған біраз мәселе бар. Су, электр желілерінің тозуы 50 пайыздан асқан. Жоспарда жаңа нысандарды салу ғана емес, ескі жүйелерді жаңарту да қарастырылған. Алматының төңіре­гінде бұрын 5-6 мың ғана халық тұрса, қазір ол 10-20 есеге көбейіп, ал инженерлік желілер бұрынғы деңгейде қалған. Электр қуатының жетіспеушілігі де байқалады. Сондай-ақ облыс орталығында әлеуметтік-мәдени нысандар жетіспейді. Саяжай мәсе­лесі де өзекті болып тұр. Бұрын ол халықтың демалып қайтатын орны болса, қазір адамдардың тұрақты мекенжайына айналған. Облыстағы 677 саяжайда 200 мыңға жуық халық тұрады. Ондағы жол, инженерлік желілер қалпына келтіруді қажет етеді. Қазір бұл саяжайлар ауыл шекарасына қосылуда. Сол кезде ғана инфрақұрылым жайы шешіле­тін болады. «Nata Holding» компания­сының бұл саладағы тәжірибесі аталған мәселелерді шешуге мүм­кіндік береді. Әкімдік жер телімін таңдаудан бастап, рұқсат құжаттарын рәсімдеуге дейін толық қолдау көрсетуге дайын», – деді облыс әкімі. Ал «Nata Holding» компаниясының басқарма төрағасы Таник Намык мұндай бастамалар Қазақстан мен Түркия үшін маңызды қадам екенін, компания өңірдің дамуына үлес қосуға бар күшін салатынын атап өтті.
    Кездесу барысында облыста іске асып жатқан ауқымды жоба­лар таныстырылды. Соның бірі – жаңадан бой көтергелі жатқан Алатау қаласы. Оның Бас жоспары Сингапур компаниясымен бірлесіп жасалған. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақ мәртебесі бойын­­ша заң әзірленуде. Заң күші­не енсе, инвесторларға жеңіл­діктер қарастырылмақ. Жоспар бойынша қала «Gate», «Golden», «Growing» және «Green Districts» тақырыптық бағыттары бойынша төрт ауданға бөлінеді. Тағы бір үлкен жоба облыс орталығы Қонаев қаласын дамытуға бағытталған. Шаһардың Бас жоспары екі жыл бұрын бекітілген. Бірақ қаланың кей бөлігі Алатау қаласына қосылып, жаңа инвесторлармен келіссөздер жүргізілгендіктен жоспар қайта жасалған. Ескі қалада инновациялық жобалар іске асырылып, инженерлік желілер жаңартылып, әкімшілік ғимараттар салынбақ. Ал «Жаңа Іле» шағынауданында заман талабына сай, креативті нысандар – спорт орталығы, мешіт, кітапхана, театр, галерея, оқу орындары бой көтереді. Бүгінгі таңда инженерлік желілерді жаңарту жоспары мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Соның қорытындысы шыққаннан кейін құрылыс жұмысы басталатын болады. 2050 жылға дейін мұнда 200000-нан астам адам тұрады деген болжам бар.
    Жиыннан кейін компания өкіл­дері Қонаев қаласындағы «Жаңа Іле» алабына барды. Онда Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов шаһардағы Шеңгелді алабындағы сорғы стансаларының суару желілерін қайта жаңарту мәселесі бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ «ASP Arena» ойын-сауық кешені, «Байсерке Агро», «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka», «Дәулет-Бекет» және «А.Асанов атындағы ату клубы» ЖШС-на барып, жұмыс барысымен танысты.
    Кездесу соңында екі тарап бірлесе жұмыс жүргізуге ниетті екен­дерін білдіріп, іс нәтижелі болу үшін қажет­ті шараларды айқындады.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Түлектер тарту еткен аялдама

    Түлектер тарту еткен аялдама

    1 year ago
    Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы басталады

    Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы басталады

    8 months ago
    Президент: Конституциялық реформ арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды

    Президент: Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру қажет

    3 years ago
    ТАРИХ ТАҢБАЛАҒАН 90 ЖЫЛ

    ТАРИХ ТАҢБАЛАҒАН 90 ЖЫЛ

    1 week ago
    Спорт – ел намысы

    Спорт – ел намысы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>