⛅
-3°C
Қонаев
Сенбі, Желтоқсан 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Баспасөз беделін арттырған

    06.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Баспасөз беделін арттырған
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

        Қарымды қалам иесі, белгілі журналист, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, республикалық қоғамық-саяси «Уйғур авази» газетінің бас редакторы Ершат Асматовтың баспасөз құндылығын арттырумен қатар, халық достығын нығайтып, тәуелсіз еліміздің еңсесін тіктеуге қосқан еңбегі елеулі.

    Бүгінгі әңгімеге арқау болатын Ершат Моллахунұлы Ұйғыр ауданы­ның Кіші Диқан ауылынан түлеп ұшқан. Мектепте алғыр да білімпаз оқушылардың көш басынан көрініп, қоғамдық істерге белсене араласты. Әдебиет пен өнерге деген қызығушылығы қолына қалам алдырып, мектепішілік қабырға газет­теріне өлең де жазады. Талапты жас мектептен соң Жаркент қаласындағы педагогикалық училищенің бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша оқуға қабылданады. Қолынан қаламын түсірмей, аудандық газетке мақала жазып, жарыққа шыққан сайын қанат­тана түседі. Еңбекқорлығының арқасында журналистикаға бейімділігі шыңдалады.
    – Мұғалімдік мамандықты таңда­ған соң журналист болу деген ойыма келмеген еді. Бірақ бағыма қарай, 1988 жылы училищені бітірер шақта ҚазМУ-дың журналистика факультетінде арнайы бөлім ашылып, онда кәріс, неміс, ұйғыр журналистері даярланатыны туралы хабарландыру жарқ ете қалғаны. Аталған бөлім «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы Юлдаш Азаматовтың ұсынысымен ашылған. Қабылданатын 25 орынның 7-уі ұйғыр жастарының еншісіне тиді. Сол 7 орынға құжат тапсырған 41 жастың қатарында мен де болдым. Сәті түсіп, журналистика факультетінің табалдырығын аттадым. Осы күнгі қазақ журналистикасының қаймағына айналған мықты азаматтармен танысып, білісіп, шығармашылыққа төселдік. Алғашқы мақалам «Уйғур авази» (ол кезде «Коммунизм туғи» деп аталды) газетіне шыққанда, бөркімді аспанға ата қуандым. Осылайша қалың ормандай оқырманы бар, жауапкершілігі жоғары салаға бетбұрыс жасадым. Бірінші курстан соң осы газетке корректор болып жұмысқа орналастым. Оқи жүріп, жұмыс істеп, үлкен өмірге қанат қақтым. Газет шығару ісіне араластым, шығармашылық ортадан сабақ алдым. Журналистикадағы бүгінгі жетістігімінің алғашқы баспалдақтары осылай қаланды, – дейді бүгінде есімі елге танымал Ершат Моллахунұлы.
    Ата-ананың қас-қабағына қарап өскен қағылез ұл әкесі науқастанып, анасы жалғыз қалғанда көңілі алаң күйге түсіп, оқуын тәмамдауға аз уақыт қалғанына қарамастан туған ауылына атбасын бұруына тура келді. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» алтын ұясындағы ұстаздар ұжымы жас отбасын қуана қарсы алды. Көп ұзамай мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, жауапкершілігі зор жұмысты атқаруға кірісті. Өмірлік серігі, мамандығы мұғалім Зульфира да еңбек жолын осы мектепте бастады. Бірлесе жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында еңбек етуден аянған жоқ. Мән-мазмұны терең тәрбие сағатын ұйымдастырып, балаларға тілге жеңіл, жүрекке жақын тақпақтар жазып беріп, ынта-ықыласын оятуға бар күш-қайратын жұмылдырды. Тарихымызда өшпес із қалдырған Желтоқсан көтерілісі туралы сахналық қойылымның сценарийін жазып, рухты қыз-жігіттердің өмірін сомдауда оқушылардың талпынысы мен талантына тәнті болғанын әлі күнге ұмытпайды.
    1995 жылдан бастап «Қазақ газеттері» ЖШС қарамағындағы респуб­­ликалық қоғамдық-саяси «Уйғур авази» газетіне қайта оралып, корректор, тілші, бөлім меңгерушісі қызметін үлкен жауапкершілікпен атқарды. Екі жыл осы басылымның бас редакторының орынбасары, жауапты хатшы лауазымында еңбек еткен Ершат Асматов 2014 жылдың наурыз айынан басылымның бас редакторлығына тағайындалды. Осылайша ол баспа­сөздің рөлін арттырып, беделін көтеруде қалтқысыз қызмет етіп келеді.
    Қаламы қарымды журналист Ершат Асматов бас редактор болған жылы газеттің таралымы 12 мыңнан сәл асатын. Уақыт өте келе газет таралымы біртіндеп өсе бастады. Ал соңғы үш жылдың әр жылын 20 мыңнан астам таралыммен бастап, газет оқылмайды дейтін кереғар пікірге қарсы нақты жауап беріп жүр. «Уйғур авази» бүгінде республикадағы газеттер арасында таралым жағынан алғашқы бестікке енді. Аталған басылым жылдан-жылға мазмұнын байытып, заман талабына сай шығып келеді. Өткен жылдың ақпан айынан мемлекеттік тілді қолдау және насихаттау мақсатында «Шаңырақ» арнайы беті дайындалып, тұрақты түрде шыға бастады. Сондай-ақ жастарға, мұғалімдерге, әйелдерге, балаларға арналған беттер тұрақты түрде оқырманға жол тартады.
    Газет тек ұйғыр жұртының жаңалық­тары, жетіктістерімен ғана шектел­мейді. Бас редактор Ершат Асматов – Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибелі мүшесі ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, елдегі тұрақ­тылықты, қоғамдық және этно­саралық келісімді нығайту жолында белсене қызмет етеді. Халықтың арасына жиі барып, ел аралап, Президенттің саясатын, мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын насихаттап келеді. Қазақ университеті журналис­тика факуль­тетінің шақыруымен бірнеше рет студенттерге шеберлік сабақтарын өткізіп, дәріс те оқыды. Бас редакторлар клубы және ҚХА Журналистер клубы ұйымдастырған республика, өңір, облыс деңгейіндегі барлық шараларға белсенді қатысады. Маңызды тақырыптарға баяндамалар жасап, қажет болғанда бағалы пікірлер айтуда алдына жан салмайды. Ел дамуына сіңірген елеулі еңбегі үшін Ершат Асматов Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелігінен бөлек, Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы атанды. 2012-2024 жылдар аралығында «Қазақстан ұйғырлары» республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары міндетін атқарды.
    Бас редакторлар клубының және ҚХА Журналистер клубының мүшесі. Журналистикадағы елеулі еңбегі де ескерусіз қалмады. Қырық жылға жуықтаған еңбек жолында Ершат Асматов «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл», «Астанаға – 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл» сияқты мерейтойлық медаль­дармен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Мәжілісінің Алғыс хаттарымен, басқа да грамоталармен марапатталған. Биыл 24 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденін алуы – журналистикаға сіңірген еңбегіне берілген ең үлкен баға!
    Тоқсан ауыз сөзді түйіндер болсақ, қарапайым халықтың үніне құлақ асып, тыныс-тіршілігіне, өсіп-өркендеуіне қалам қуатымен азаматтық үн қосып келе жатқан кәсіби журналист, білікті редактор Ершат Асматовтың дара жолы жаңарған қоғам жастарына өшпейтін үлгі-өнеге болмақ.

    Ұлбосын ИСАБЕК,
    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

    Ұсынымдар

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Алматы облысының әкімі Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

    2 years ago
    Жол жөндеу  жұмысымен танысты

    Жол жөндеу жұмысымен танысты

    4 months ago
    Татулықты ту еткен

    Татулықты ту еткен

    1 year ago
    Алматы облысында орман өрті 2 есеге азайды

    Алматы облысында орман өрті 2 есеге азайды

    1 year ago
    Бюджет есебі тыңдалды

    Бюджет есебі тыңдалды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>