⛅
-3°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Қоғам

    Тәртіптік іс қаралды

    05.12.2025
    in Қоғам, Құқық-заң
    Тәртіптік іс қаралды
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

         Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, кеңес төрағасы Нұрсұлтан Сейдалиев ашып, жүргізді.

    Кеңес отырысында жыл басы­нан бері атқарылған жұмыстар қорытындыланып, облыс көлемінде тіркелген бірқатар тәртіптік іс тал­қыланды. Агенттік дерегінше, биыл Әдеп жөніндегі кеңестің 11 отырысы өткізіліп, барлығы 155 мәселе қаралған. Оның 67-сі – тәртіптік іс, ал 88-і – алдын алу мәселесіне қатысты болған. Кеңес тарапынан 32 тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылса, 56 мемлекеттік қызметкердің құқығы қорғалған.
    – Кеңесте қаралып жатқан істердің басым бөлігі жергілікті атқарушы органдар қызметкерлеріне қатысты. Оның ішінде жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы саласы, ауылдық округ әкімдерінің іс-әрекеттеріне байланысты деректер бар. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға қайшы әрекет анықталған жағдайда, біз алдымен хатшылық арқылы тексеріс жүргізіп, содан кейін мәселені кеңес отырысына шығарамыз, – деді өз сөзінде Нұрсұлтан Ақылбекұлы.
    Әдеп кеңесі отырысына Қарасай ауданындағы бірқатар ауылдық округ әкімдері шақырылды. Оған себеп, отырыстың күн тәртібіндегі мәселенің бірі Қарасай ауданындағы ауылдық округтердің қызметіне қатысты болды. Атап айтқанда, Қаскелең қаласының, Бірінші Май, Елтай, Әйтей, Жамбыл, Жандосов, Жібек жолы, Іргелі, Ұмтыл, Шамалған ауылдық округтерінің әкімдері мен жауапты қызметкерлерінің жұмыс барысында құқықбұзушылыққа жол бергені анықталған. Осы орайда кеңесте жеке-жеке қаралған әр мәселе аясында ауылдық округтердің әкімдері мен жауапты қызметкерлері өз түсініктемелерін беріп, туындаған жағдайдың себеп-салдарын баяндады. Әрқайсысы өздеріне қатысты деректер бойынша уәждерін жеткізді. Олар жіберген негізгі кемшіліктер жер учаскелерін бөлу кезіндегі рәсімдерге, құжаттардың уақытылы және толық дайындалмауына, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде жауап бер­меуіне, қала құрылысы талаптарының сақталмауына, әкімшілік процестердің ашық жүргізілмеуіне қатысты болды.
    Әдеп кеңесінің мүшелері әр істі жеке қарап, мемлекеттік қызметкерлердің міндетін дұрыс атқармағанына бай­ланысты нақты ұсыныстар жасады. Бірқатар лауазым иелеріне ескерту берілсе, кейбір қызметкерлердің әрекетінде құқықбұзушылық құрамы жоқ деп танылып, олардың құқығы қорғалды. Қарасай ауданына қатысты тәртіптік істер талқыланғаннан кейін, аудан әкімінің орынбасары Адис Сейдакматовқа сөз берілді. Аудан әкімінің орынбасары орын алған олқылықтарға байланысты қосымша түсініктеме беріп, қазіргі уақытта жағдай толық бақылауға алынғанын айтты.
    Жиын соңында кеңес төрағасы Нұрсұлтан Сейдалиев жергілікті атқарушы орган басшыларына мемлекеттік қызметшілердің жауап­кершілігін қатаң бақылау, құқықтық сауаттылықты арттыру және халықпен жұмысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Алдағы уақытта ауылдық округ әкімдерімен және аудандық бөлімдермен алдын алу және әдістемелік жұмыстар жүргізілмек.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында заңсыз салынған құрылыс нысандары тексеріледі

    Алматы облысында заңсыз салынған құрылыс нысандары тексеріледі

    3 years ago
    Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының үздігі анықталды

    Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының үздігі анықталды

    6 months ago
    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

    1 year ago
    Қонаевта мүмкіндігі шектеулі 53 бала шипажайға барды

    Қонаевта мүмкіндігі шектеулі 53 бала шипажайға барды

    2 years ago
    Мен қазақша сөйлеймін!

    Мен қазақша сөйлеймін!

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>