⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Денсаулық – басты назарда

    09.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Денсаулық – басты назарда
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

        Кеген аудандық әкімдігін­де өңір халқының санитария­лық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұқпалы аурулар­дың алдын алу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

    Жиынды ашқан Кеген ауданы әкі­мінің орынбасары Кеңес Қабылбеков:
    – Кеңес отырысының негізгі мақсаты – 2025 жылдың 10 айында атқарыл­ған санитариялық-профилактикалық шаралардың қорытындысын талқылап, туберкулез, бруцеллез, Сібір жарасы секілді жұқпалы аурулардың таралуы­ның алдын алу бағытында қабылданып жатқан шараларды бағам­дау, болашақ­та жүзеге асырылатын жұмыстардың нақты жоспарын айқындау, – деді.
    Кеңесте қаралған алғашқы мәселе – туберкулездің алдын алу және аудан­дағы эпидемиологиялық жағдай­ға қатысты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бас­қар­масының бас маманы Нұргүл Сыдықбекова баяндама жасап, жыл басынан аталған аурудың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Ол вакцинадан бас тарту жағдайлары мен түсіндіру жұмысының барысы туралы да айта кетті.
    Ал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Тәшкенбаева туберкулез дерті бойынша эпидемиологиялық ахуалға шолу жасап, аурудың алдын алуға бағытталған шараларды баяндады. Сонымен қатар жетекші маман Шырын Асылғазықызы бруцеллез және Сібір жарасы аурулары бойынша деректер мен тіркелген жағдайларға тоқталды.
    Үшінші мәселе – аудандағы Сібір жарасы (антракс) ауруының эпидемиологиялық ахуалы. Бұл туралы аудандық ветеринариялық станса директоры Қабыл Төкенов баяндап, өткен жылдармен салыстыра отырып, көрсеткіштерге талдау жасады.
    Жиын барысында аталған ауруға байланысты қауіпті аймақтар мен ауылдық округтерде түсіндіру жұмысын арттыру қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ мал қорымдарының жай-күйі, биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуы назарға алынды. Аудандық ветеринариялық қызмет басшысы Қабыл Төкенов аудан аумағында орналасқан Бөлексаз, Ұзынбұлақ, Тұйық, Жылысай ауылдарындағы төрт Сібір жарасы көміндісін облыс меншігіне өткізу және ІІ санаттағы экологиялық рұқсаты жоқ төрт мал қорымына рұқсат қағаздарын алу мәселесін көтерді. Ауылдық округтерде жануарларға арналған жоспарлы екпелердің орындалу барысы да сөз болды.
    Қорытынды сөз алған кеңес төрағасы Кеңес Қабылбеков барлық айтылған мәселе бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін баса айтты. Кеңес отыры­сының шешімдері хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта оның орындалуы қатаң бақылауда болатыны атап өтілді.
    Халықтың денсаулығын сақтау – басты міндет. Сондықтан мұндай үйлестіру кеңестері алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер күн тәртібінен түспек емес.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Еліміз ХҚКО-лары Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді

    Еліміз ХҚКО-лары Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді

    2 years ago
    Алматы облысында сейсмикалық жаттығу өтеді

    Алматы облысында сейсмикалық жаттығу өтеді

    3 years ago
    50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat финалы басталды

    50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat финалы басталды

    8 months ago

    Аймақ әлеуеті зор

    2 years ago
    Жалыннан жасқанбаған

    Жалыннан жасқанбаған

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>