⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысы Alatau Investment Forum–да 300-ден астам инвесторды қабылдап, 776 млрд теңгеден аса инвестиция тартты

    09.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Алматы облысы Alatau Investment Forum–да 300-ден астам инвесторды қабылдап, 776 млрд теңгеден аса инвестиция тартты
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Алматы облысында халықаралық Alatau Investment Forum 2025 өтті. Форумға көрші мемлекеттерден 300-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысып, нәтижесінде жалпы құны 776 млрд теңгеден асатын 16 меморандумға қол қойылды. Бұл өңірдің Қазақстандағы жетекші инвестициялық орталықтардың бірі екенін тағы дәлелдеді.

    Жиында облыстың бос өндірістік аймақтары, индустриалды зоналары, логистикалық хабтары және ірі жобаларды қабылдауға дайын инфрақұрылымдық мүмкіндіктері таныстырылды. Қатысушыларға өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және туризм бағыттары бойынша ұсыныстар жасалды.

    Форумды ашқан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде инвесторларға қолайлы жаңа экономикалық кезең басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, облыстың ашықтығы мен инвестиция тартуға дайын болуы — нақты қолдаумен бекітілген стратегиялық бағыт. Әкім өңірдің қарқынды дамып жатқанын, заманауи инфрақұрылым, 7 жұмыс істеп тұрған және 9 құрылу кезеңіндегі индустриалды аймақ, логистикалық парктер, ГЧП тетіктері және «Бір терезе» форматындағы цифрлық сервистер іске қосылғанын айтты.

    «Бүгінде инвесторлардың сенімі нақты сандармен көрініс табуда. Біз жалпы құны 6,2 трлн теңгені құрайтын 216 жобаны бақылауда ұстап отырмыз. Олардың жүзеге асуы 80 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 72 жоба шетелдік капиталдың қатысуымен іске асуда, құны — 3,9 трлн теңге. Бұл — халықаралық компаниялардың облысты ұзақ мерзімді даму алаңы ретінде таңдауының айқын дәлелі», — деді Марат Сұлтанғазиев.

    Форум қорытындысында жалпы құны 776 млрд теңгеден асатын 16 меморандумға қол қойылды. Құжаттар өнеркәсіп, агросектор, логистика, энергетика және туризм бағыттарын қамтиды. Келісімдер аясында халықаралық құрылыс компаниясының жобасы, LED-экрандар өндірісі, трактор шығаратын зауыт, ірі индустриалды-логистикалық кешен және заманауи көтерме-тарату орталығы іске асырылмақ.

    Бұл келісімдер өңір экономикасын жаңғыртатын нақты инвестициялық шешімдер болып саналады. Жаңа өндірістер ашылып, қайта өңдеу саласы күшейеді, ауыл шаруашылығы жаңарып, туризм инфрақұрылымы дамиды, энергетикалық жобаларға серпін беріледі.

    Форумға Қытай Халық Республикасының Циндао қаласы әкімінің орынбасары Гао Цзянь, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық корпорациялар мен ірі инвесторлар қатысты. Гао Цзянь Алматы облысымен әріптестікті кеңейтуге үлкен мүмкіндік барын айтып, Циндаоның Қытайдағы ірі порттық, өндірістік және логистикалық орталықтардың бірі екенін еске салды. Оның айтуынша, екі өңірдің артықшылықтары бірін-бірі толықтырып, автомобиль жасау, жоғары технологиялық жабдық, жасыл энергетика, биомедицина, сауда және логистика салаларында бірлескен жобаларға жол ашады.

    «Алматы облысымен ынтымақтастық бірнеше перспективалы бағытты қамтиды. Біз бірге жаңа өндірістер ашып, заманауи технологиялар енгізіп, көлік дәліздерінің тиімділігін арттыра аламыз», — деді ол.

    Соңғы жылдары Алматы облысы инвестициялық өсімді тұрақты көрсетіп келеді: 2022 жылы — 614 млрд теңге, 2024 жылы — 1 трлн теңгеден жоғары, ал 2025 жылдың 10 айында 834 млрд теңге игеріліп, физикалық көлем индексі 116% болды. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 1,3 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

    Өңірде соңғы жылдары бірнеше ірі нысан іске қосылды: «Focus Logistics» логистикалық паркі, «Алтын Таға» бетон зауыты, «LC Waikiki» көтерме орталығы, «КегенМясПром» ет комбинаты, «Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасы және кеңейтілген «Қапшағай Бидай Өнімдері» агрокомплексі. Жыл соңына дейін «MP Solution», «Kusto Logistics», «Еуразиялық логистикалық парк», «Imagine Apple Logistics» сияқты А класындағы жаңа логистикалық кешендер пайдалануға беріледі. Соның арқасында өңірдің заманауи логистикалық қуаты 16 есеге өсіп, 7 мыңнан 111 мың шаршы метрге дейін ұлғайды.

    Тамақ өнеркәсібінде экспортқа бағытталған өндірістер де күшеюде: «Galanz Bottlers», «QAZAQ GLOBAL FOOD» және «Прима Құс» соның дәлелі. Барлық іске асып жатқан жобалар мен форум аясында жасалған келісімдер Алматы облысының инвестициялық картасын жаңа деңгейге шығарып, өңірді ел экономикасының негізгі драйверлерінің біріне айналдырып отыр.

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаевта заңсыз қойылған 25 жарнама алынды
    13.04.2026
    13 500 га егіс және 181 техника: Қонаевта көктемгі науқан жүріп жатыр
    13.04.2026
    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
    13.04.2026
    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
    13.04.2026
    Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
    13.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>