⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 109 қызметінің 2025 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері таныстырылды

    10.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Алматы облысында 109 қызметінің 2025 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері таныстырылды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңір бойынша Бірыңғай байланыс орталығының 2025 жылғы қызмет қорытындылары жарияланды. Жиынға Ибрагимов Ермек, Алматы облысы бойынша 109 қызметінің Бірыңғай байланыс орталығының басшысы, және Бакыт Бахтияр, орталық басшысының орынбасары қатысты.

    Есептік кезеңде 109 қызметіне 21 298 өтініш қабылданып, толық өңделген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 43,8 пайызға көп. Өтініштердің өсуі тұрғындар тарапынан сенімнің артқанын және орталық жұмысының қолжетімділігі күшейгенін көрсетеді.

    109 қызметінің мамандары облыстың барлық аудандарына барып, жергілікті әкімдік құрылымдары, коммуналдық кәсіпорындар және тұрғындармен кездесулер өткізді. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өтініш беру тәртібі мен қарау алгоритмі түсіндірілді. Тұрғындардан түскен ұсыныстар сервистік қызметті жетілдіруге пайдаланылуда.

    Биыл енгізілетін маңызды тетіктердің бірі – «Әкім рейтингі» жүйесі. Бұл механизм жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін нақты көрсеткіштер негізінде бағалауға мүмкіндік береді.

    Жүйе: өтініштердің орындалу сапасын; коммуналдық қызметтердің жұмысын; инфрақұрылымның жағдайын; жедел әрекет ету деңгейін бақылауды қамтамасыз етеді.

    Бұл бастама басқару ашықтығын күшейтіп, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

    «109 қызметі – өңір тұрғындары мен мемлекеттік органдар арасындағы маңызды байланыс арнасы. Біз әрбір өтініштің жедел қаралуын, кері байланыстың тиімді болуын және қызмет сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге басымдық береміз. 2025 жылғы нәтижелер біздің сервистік басқару бағытында айтарлықтай ілгерілеу бар екенін көрсетеді», – деп атап өтті Ибрагимов Ермек.

    Қызмет жұмысының нәтижелері өңір инфрақұрылымын жақсартуға және мемлекеттік басқаруда сервистік тәсілді нығайтуға елеулі үлес қосуда.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында ауызсу тартуға 27 млрд теңге қарастырылған

    Алматы облысында ауызсу тартуға 27 млрд теңге қарастырылған

    3 years ago
    Талғар ауданында 5 мектепте үш ауысымда оқу жалғасады

    Талғар ауданында 5 мектепте үш ауысымда оқу жалғасады

    2 years ago
    Халықтың әл-ауқатын арттыру – басты мақсат

    Халықтың әл-ауқатын арттыру – басты мақсат

    1 year ago
    Заман деген заңғармен санасады немесе Шерағаның шекпені

    Заман деген заңғармен санасады немесе Шерағаның шекпені

    2 years ago
    Отбасын қолдау орталығы ашылды

    Отбасын қолдау орталығы ашылды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>