🌫️
-5°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Инновация – игілік бастауы

    13.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Инновация – игілік бастауы
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Мемлекет басшысы мұғалімдер мен оқушылардың жасанды интеллект сала­сындағы білім деңгейін арт­тыру қажеттігін, ол салалық министрліктің болашағы үшін маңызды міндет сана­латынын айтқан. Бұл міндетті Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы «Келешек мектептері» мемлекет­тік бағдарламасы бойынша салынған №27 орта мектеп ұжымы табысты атқарып келеді. Білім шаңырағындағы оқу үдерісінде толығымен дер­лік инновациялық тәсіл қолданылады.

    Осы заманауи озық мектеп қабырғасында облыстық білім басқармасы, Ұлттық құндылықтар академиясы, «Білім керуені» корпоративтік қоры, «Orle-EDUCATION» республикалық оқу-әдістемелік орталығы және «Өрлеу» әдістемелік орталығының қолдауымен «Ғылым. Инновациялар. Болашақ – STEAM & AL» атты халықаралық форум өтті. Іс-шара Жұмысшы мамандықтары жылына орай ұйымдастырылып, жасанды интеллект бағытында білім беру тәжірибесін дамытуға, инновациялық идеялар мен жобаларды енгізу арқылы педагогтердің әдістемелік шеберлігін жетілдіруге бағытталды. Білім ордасының фойесінде мектеп әкімшілігі ғылыми жоба көрмесін ұйымдастырды. Қонақтарды ұлттық күйлерді бірінен кейін бірін орындаған домбырашы балалар ансамблі қарсы алды.
    Форумды облыстық білім басқармасының басшысы Арайлым Төлеубекова ашып, жиын қатысушыларына жылы лебізін білдірді.
    – Ғылым, инновация, болашақ – біздің басты құндылықтарымыз. Бүгінгі форум үздік оқытушылардың озық инновациялық тәжірибесін тарату, кәсіби ынтымақтастықты дамыту арқылы әріптестерді шығармашылық және өзара кәсіби қолдау мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр. Баршаңызға осы бағытта толайым табыс тілеймін, – деді аймақтың бас мұғалімі.
    Форумға бауырлас көрші елдер – Қырғыз Республикасы мен Өзбекстаннан қонақтар келгенін айта кеткен жөн. Халықаралық жиын STEAM – білім беру және инновациялық әдістер, білім берудегі цифрлық трансформация, ЖИ құралдарының әлеуеті, жобалау қызметі және функционалдық сауаттылықты арттыру тетіктері, оқу процесінде «Адал азамат» құндылықтарын іске асыру деп аталатын төрт секциялық алаңда өтті. Сондай-ақ қатысушылар «Археология», «Эко-АРТ-шеберхана», «Мамандандыру аймағы», «Белсенді ойындар», «Аэроғарыш және авиация», «STEAM-шоу аймағы», «Таңғажайып эксперименттер», «Эко-дос» жобасы, «Сиқырлы физика», «Medilab», «Телестудия әлемі», «Dragon Air Race» айдаһарлар жарысы, «Робототехника» сияқты 12 тақырып бойынша тәжірибе алаңында сайысқа түсті.
    Аталған сайыста әрбір педагог өзін қызықтыратын тақырыпты таңдады. Ең соңында авторлардың практикалық жобалық жұмыстары зерделенді. Жоба жетекшілерінің айтуынша, практикалық алаңдар балалардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі, ал педагогтерге білім беру жүйесіндегі ЖИ және сандық технологиялар саласында тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік береді.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    «ҚАЗПОШТА» ЖҰМЫСЫ АҚСАП ТҰР

    «ҚАЗПОШТА» ЖҰМЫСЫ АҚСАП ТҰР

    4 weeks ago
    Теңге ілуден топ жарды

    Теңге ілуден топ жарды

    2 years ago
    Сарыжазық сарғайып тұр

    Сарыжазық сарғайып тұр

    5 months ago
    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    1 year ago
    Парламент зорлық-зомбылық жазасын күшейтуді ұсынды

    Парламент зорлық-зомбылық жазасын күшейтуді ұсынды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>