⛅
-10°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Еселі еңбек иесі

    18.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Еселі еңбек иесі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Қоғамға ең қажетті мамандықтың бірі – мал дәрігері. Дәл осы кәсіп иелері төрт түліктен таралатын әртүрлі аурудың алдын алып, ет, сүт, тағы басқа өнімдерге бақылау жүргізіп, олардың жарамды не жарамсыз екенін анықтайды. Міне, осындай жауапты салада еңбек етіп жүрген маманның бірі – Сабыржан Ноғайбаев.

    Бала жастан мал бағуды, ат баптауды жаны сүйіп өскен Көкжиде ауылының тумасы өзінің алғашқы еңбек жолын 1980 жылы Ақкөл кеңшарының №2 фермасында жұмысшы болып бастаған. 1981-1983 жылдар аралығында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген соң, Талдықорған қаласын­да­ғы зоотехникалық-малдәрігерлік тех­никумына оқуға түсіп, 1987 жылы мал дәрі­гері мамандығын меңгеріп шыққан.
    Сүйікті мамандығы бойынша білім алған соң Сабыржан өзі еңбек жолын бастаған Ақкөл кеңшарының №2 фермасына мал дәрігері болып орналасады. Осында еселі еңбек ете жүріп 1991-1995 жылдары ферма меңгерушісі болса, 1995 жылдан 2014 жылға дейін қайтадан мал дәрігері болып жұмыс істейді. Ал 2014-2019 жылдар аралығында Ақжар ауылдық округіндегі, одан кейін Ақкөл ауылдық округіндегі ветеринарлық пункттің меңгерушісі қызметін атқарады. 2020 жылы Ақкөл ауылдық округі әкімі болып тағайындалады. Араға бір жыл уақыт салып, Ақкөл ауылдық округінің ветеринария пунктіне мал дәрігері қызметіне қайта оралады. Осы уақытқа дейін аталмыш мекемеде талмай еңбек етуде.
    Сабыржан Ноғайбаев жемісті еңбек жолында көптеген марапат пен құрметке ие болып Балқаш ауданы­ның Құрметті азаматы атанды. Адал еңбекпен зор табысқа жеткен мамандық иесі 2024 жылы «Қазақстанның алтын кітабына» еніп, арнайы төсбелгіге де ие болды. Сондай-ақ «Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл» мерекелік медалімен, «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
    Өз ісінің хас шебері атанған Сабыржан ағаның зейнеткерлік жасқа жетуіне де аз қалды. Аграрлы өңіріміздің негізгі саласы – мал шаруашылығы болғандықтан Сабыржан ағамыздай мамандар ауадай қажет. Өйткені мал дәрігерлерінің қызметі қашанда жоғары бағаланады.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин журналистерге брифинг өткізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин журналистерге брифинг өткізді

    2 years ago
    “Қонаев-Алматы” пойызы жаңа вагонмен толықты

    “Қонаев-Алматы” пойызы жаңа вагонмен толықты

    3 years ago
    Ұлттық кітап күні ұлықталды

    Ұлттық кітап күні ұлықталды

    10 months ago
    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды

    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды

    9 months ago
    Ата Заң аясында

    Ата Заң аясында

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>