☀️
25°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жақсы іс жалғасын табады

    20.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Жақсы іс жалғасын табады
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

        Қарасай аудандық ардагер­лер ұйымының төраға­сы Сағат Мәсімақынов жыл ішінде атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталып, көпшілік алдында есеп берді. Қазіргі уақытта Қарасай ауданында бір қалалық және он ауылдық ардагерлер мен «Асыл аналар» ұйымы тұрақты жұмыс істеп келеді. Мұның сыртында ауданға қарасты барлық ауылда ардагерлердің өкілдік­тері жұдырықтай жұмылып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатқаны атап айтуға тұрарлық. Сағат Ұлтарақұлы олардың да игілікті істерін кеңінен талдап, жылға қоры­тынды жасады.

    Қарасай аудандық ардагерлер ұйымында бүгінде бірде-бір Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері жоқ. Алайда соғыс ардагерлерінің 14 жесірі, 312 тыл ардагері, Ленинград қоршауына қатысқандардан бір, Чернобыль апатына қатысқандардан 62 адам, жалпы аудан аумағында 30114 зейнеткер бар. Өңірдің ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері үнемі ардагерлер ұйымының назарында. Әттең, өмір болған соң, өзгеріс те болмай қоймайды. Жыл сайын осылардың қатары азайып бара жатқандығы арқаға аяздай батады. Дегенмен, өмір заңдылығына ешкім тосқауыл қоя алмайды. Олардың көзі тірілеріне лайықты құрмет көрсетуді ардагерлер ұйымы өздерінің басты парызы санайды.
    Жыл басынан бері аталған ұйымдар Жеңістің 80 жылдығын жоғары деңгейде өткізу үшін мақсатты түрде жоспар жасап, іс жүзіне асыруды өздерінің басты міндеті деп қабылдады. Осыған орай өңір көлемінде Жеңіс мерекесіне орай небір игілікті іс-шара қолға алынып, халық жүрегіне жол тапты. Мәселен, аудан аумағында Екінші дүниежүзілік соғыстан қайтпай қалған және бейбіт өмірге белсене араласқан, кейіндеп қайтыс болып кеткен ардагерлер ескерткіштерін күтімге алу, қайта жөндеу, айналасын тазалау жұмыстары «Алатау жастары» ұйымына тапсырылып, олар бұл міндетті ойдағыдай орындап шықты. Олар «Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы» атты кең көлемді конференция өткізіп, жастарды жалынды істерімен көрінуге дем беріп, олардың бойына жігер мен құлшыныс ұялатты.
    Осы жылдың ішінде Қарасай ауданында облыстық ардагерлер ұйымының нұсқамасымен жаңадан «Асыл аналар» ұйымы құрылып, оның төрағасы болып бар өмірін оқу-ағарту саласына арнаған ұлағатты ұстаз Ұлтай Амангелдіқызы тағайындалды. Содан бері бұл ұйым атап өтуге тұрарлық біраз жұмысты іс жүзіне асырып үлгерді. «Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы» аясында Қарасай аудандық кітап­ханасында Санжар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі студенттерімен және барлық округ жастарымен бас қосқан мәні мен маңызы зор үлкен жиын ұйымдастырылды. Онда тарихы терең Жеңістің қатпарлы қалың парақтарын ашып, Отан үшін қан төккен майдангерлердің естен кетпес ерліктері әңгіме арқауына айналды.
    Ең бір ерекшелеп айтатын жайт, Жеңістің 80 жылдық тойына орай Ленинград қоршауына қатысқан көзі тірі Зинайда Суханованың үйіне ардагерлер ұйымы барып, Ленинград қаласы губернаторының арнайы жіберген құттықтау телеграммасын беріп, оған ұйым атынан сый-сияпат жасады. Сондай-ақ 99 жасқа келген соғыс ардагерінің жесірі Құндызай Көлбаеваға, 100 жасқа келген тыл ардагері Сәлима Бұлғақбаеваға және 28 тыл еңбеккеріне көмектер көрсетілді.
    Қарасай ауданының әкімдігі соғыс және тыл ардагерлеріне қолғабыс беру шараларынан тыс қалмайды. Олар мәңгілік бақилыққа кеткендердің құрметіне арнап ақ дастарқан жайып, олардың құрметіне Құран бағыштап, рухына тағзым ету шараларын ұйымдастырады. Сонымен қатар Үсенбай Тастанбеков пен Сейітхан Исаевтардың аттарына салтанатты жағдайда көшелер берілді. Соғысқа қатысып, одан кейін бейбіт өмірдің берекесін арттырған, облыстағы біраз ауданды басқарған, қайраткер тұлға Рақымжан Мақашевтың атындағы көше бойында көп қабатты үйлердің біріне батыр атамыздың аты-жөні жазылған ескерткіш-тақта орнатылды. Сол сияқты Қарасай батыр атындағы көше бойындағы көп қабатты зәулім үйдің бір қабырғасына тұтастай Бауыржан Момышұлының портреті салынып, оның ашылу рәсімі салтанатты жағдайда өтті.
    «Асыл аналар» ұйымы аудандағы Мансап орталығы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тығыз байланыста қарым-қатынас орнатып, едәуір жұмыстарды жүзеге асырды. Атап айтар болсақ, соғыс ардагерлерінің 14 жесірінің әрқайсысына 58 980 теңгеден, барлығы 5 308 200 теңге қаражат берілді. Ал Египет соғысына қатысқан 1 ардагерге 196 600 теңге, барлығы 19 463 400 теңге арнаулы көмек көрсетілді. Сонымен қатар Тәжік-Ауған соғысының 99 ардагерінің әрқайсысына 196 660 теңгеден қаражат берілгенін атап айтуымыз керек. Мұндай атаулы қаражат Таулы Қарабақ соғысына қатысқан 39 ардагерге, Чернобыль апатына қатысқан 62 адамға да үлестірілді. Мұның бәріне мұрындық болған Қарасай аудандық ардагерлер ұйымы екенін атап өтуге тиіспіз.
    Қорытынды жиында Сағат Ұлтарақұлы жыл ішінде ардагерлер ұйымында кең көлемді 10 отырыстың өткізілгенін, ауылдық округтерде 4 отырыстың болғанын айтты. Өткен отырыстардың бәрі де бүгінгі күннің өзекті мәселелері екеніне жеке-жеке тоқталып, егжей-тегжейлі түсіндірді. Осы бағытта жыл басында құрылған «Алатау жастары» ұйымының да салғырттықтан бойларын аулақ ұстап, ұтқыр жұмыстарымен көзге түсіп келе жатқанын нақты дәлелдер бойынша көпшіліктің алдына көлденең тартты. Расында да бұл жастар ұйымы аудан әкімдігі мен ардагерлер ұйымы тарапынан тапсырылған жұмыстарды тап-тұйнақтай орындауда белсенділік көрсетіп келеді. Олардың Жеңістің құрметіне орай көп ізденіспен жасаған, соғыс ардагерлері топтастырылған альбомдары да табанды еңбектің нақтылы нәтижесі деп айта аламыз.
    Ардагерлер ұйымы ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын да атаусыз қалдырған жоқ. Нақтылы іс-шаралар бойынша әр ауылда дүркіреп өтті. Бұл жағынан айтқанда, Елтай ауылдық ардагерлер ұйымы, оның төрағасы Есенгелді Сәлібековтің және «Асыл аналар» ұйымының төрағасы Күлпан Исабаеваның жетекшілігімен Абай бейнесінің кеңінен дәріптелуі атап өтуге тұрарлық. Оған облыс бойынша келген ардагерлер ұйымдары асқан ризашылықпен тәнті болды. Сонымен бірге олардың Абай әндерін асқан шеберлікпен орындаулары да көпшілікке қошеметпен қол соқтырды. Олардың өрге жүзген өнері тамашалаушылар тарапынан жоғары бағасын алды.
    Аталған мерзім ішінде ардагерлер ұйымындағы жемісті жетістіктері үшін Елтай ауылдық округінен әжелер хорын ұйымдастырған, облыстық және Қырғызстанда өткен өнер байқауларында бас жүлдеге ие болған, Түркияға жолдама алған Назаргүл Уәлиева, ардагерлер ұйымындағы 12 жылдық жемісті еңбегі үшін Гүлжан Тілеуліқызы «Алматы облысының Құрметті ардагері» медалімен марапатталды. Жиын барысында адалдықпен атқарған айтулы жұмыстары үшін Райымбек ауылынан Леміс Әбдікерімов, Әйтей ауылынан Амангелді Шәріпқұлов, Жамбыл ауылынан Елікбай Оспанқұлов, Іргеліден Егінбек Егеубеков, Шамалғаннан Қанат Қатубаев, Елтайдан Есенгелді Сәлібеков секілді округтегі ақсақалдардың жетекшілері, бұдан бөлек, «Алатау жастары» ұйымының төрағасы Жарқынай Сәдуова, тағы басқаларға арнайы сыйлықтармен бірге Қарасай ауданы әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.
    Кең көлемде өткізілген аудан ардагерлерінің есеп беру жиналысында оның төрағасы Сағат Мәсімақыновтың атқарған жұмысына қанағаттанарлық баға берілді. Сондай-ақ алдағы жылы атқарылатын жұмыстардың іс-жоспары мен міндеттері де таныстырылды. Осыған қарап-ақ Қарасай аудандық ардагерлер ұйымының жақсы істері алда да жалғасын таба беретініне толық сенім артуға болады. Олар қашанда көшбасынан көріне бермек.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ,
    Қаскелең қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы
    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында 1171 ұйымда өндірістік кеңес құрылды
    29.04.2026
    Басты назар — адам капиталында
    28.04.2026
    Қазақ киносының Құлагері: Абдолла Қарсақбаевтың ғасыр тойы басталды
    28.04.2026
    Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
    28.04.2026
    Ауыл аманаты: Алматы облысында ауыл кәсіпкері айына 60 мың кірпіш өндіреді
    28.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>