⛅
23°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Адалдық – асыл құндылық

    23.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Адалдық – асыл құндылық
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

        Жемқорлық қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтіріп қана қоймай, халықтың мемлекетке деген сенімін әлсіретеді. Сондықтан да «Жемқорлықсыз қоғам – адал ұрпақ» ұраны – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.

    Осыған орай Кегендегі К.Нұрпейісұлы атындағы орта мектепте «Жемқорлықсыз қоғам – адал ұрпақ» атты жиын өтті. Кеген аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Ақ жүрек – Кеген» есту қабілеті нашар мүгедектер қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әділдік пен парасатты насихаттау.
    Жиын барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны мен оны болдырмау жолдары туралы ұсыныстарын ортаға салды. Ашық алаң форматында өткен кездесу жастардың белсенділігін арттырып, азаматтық жауапкершілікті күшейтуде маңызды рөл атқарды.
    Адалдық пен әділдік – ел іргесін берік ұстайтын негізгі құндылықтар. Егер ұлттың болашағы саналатын жастар адалдықты жастайынан бойына сіңірсе, онда жемқорлықтың тамырына балта шабылады. Бұл үшін отбасынан бастап, балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары мен еңбек ұжымдарында тәрбие мен талап қатар жүруі тиіс.
    Жастар арасында адалдықты насихаттап, әділдікке баулу – әрбір азаматтың парызы. «Адал ұрпақ» ұғымы – тек ұран емес, ол нақты әрекетке бастайтын бағыт. Қоғамда әділдік үстемдік құрып, заң бәріне бірдей болса, онда халықтың әл-ауқаты да, елдің болашағы да жарқын болмақ.
    Қорыта айтқанда, жемқорлықты жеңу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Ол үшін әр адам өзінен бастап, әділ, адал өмір сүруді мақсат етуі тиіс. Себебі «Жемқорлықсыз қоғам – адал ұрпақ» қағидасы тек сөзде емес, істе көрінуі қажет. Адалдық – мәңгілік құндылық.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
    27.04.2026
    Болашақ чемпиондар бозкілемде
    27.04.2026
    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ СӨЗ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
    27.04.2026
    Бастаманы ауқымдау және оны практикалық тұрғыдан іске асыру
    25.04.2026
    «Таза Қазақстан» – идеология мен құндылықтың платформасы
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>