⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары таныстырылды

    29.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жол апаты, Жол-көлік оқиғасы, Құқық-заң
    Алматы облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары таныстырылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           Бүгін Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне арналған брифинг өтті.

    Қазіргі таңда өңірдегі ең өзекті мәселелердің бірі – жол-көлік оқиғаларының жиілеуі. Жол апаттарының негізгі себебі көлік жүргізушілерінің жол ережелерін сақтамауы болып қалып отыр.

    – Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апат деңгейін төмендету мақсатында жыл басынан бері облыс полицейлері «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Автобус», «Абайлаңыз, балалар!» және басқа да 16 жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Рейдтер барысында жолда жүру қағидаларын өрескел бұзушылықтарды анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Нәтижесінде 811 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны, 1299 жүргізуші қарсы бағытқа шыққаны, 3292 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермегені және 22 183 жаяу жүргінші жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, – деді Алматы облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Еркебұлан Ахмедов.

    Сонымен қатар заманауи цифрлық технологиялар да белсенді қолданылуда. Облыстың апаттық қауіпті учаскелерінде және жаяу жүргіншілер өткелдерінде «Қорғау» жүйесіне біріктірілген 325 автоматтандырылған бақылау кешені жұмыс істейді. Аталған жүйе жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көліктерді, жол ережесін жиі бұзатын және айыппұлдарын төлемеген жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді.

    Бұдан бөлек, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеу үшін патрульдік полиция көліктеріне орнатылған 21 жылжымалы кешен, оның ішінде жасырын бақылау режиміндегі 11 кешен жұмыс істейді. Сондай-ақ қарсы жолаққа шығу секілді өрескел бұзушылықтарды анықтау мақсатында дрон құрылғылары пайдаланылады.

    Соңғы жаңалықтар

    Әсерлі авиашоу
    13.04.2026
    Кәсіпкерлерге қолдау көп
    13.04.2026
    Ұлттың үнбайрағы
    13.04.2026
    Диқандар дала төсінде
    13.04.2026
    Америкалық блогер Алматы облысының туристік әлеуетіне тамсанды
    13.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>