☀️
23°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мейірім сыйлады

    30.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Мейірім сыйлады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қонаев қаласындағы «Asan-Ali Hotel» қонақүйінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған жаңажылдық мереке өтті. Әр балаға үміт пен шаттық сыйлаған шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының жанындағы әйелдер қанаты мұрындық болды. Ғажайыпқа сендіретін жаңажылдық кешке ерекше күтімді қажет ететін және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 150 бала қатысып, әрқайсысы мереке шуағын сезінуге мүмкіндік алды.

    Партияның «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобалары аясында өткен кешке келген балалар ертегі әлеміне енгендей әсер алды. Мерекелік зал әсем безендіріліп, жаңажылдық шырша, түрлі кейіп­кер­лер мен жарқыраған шамдар балалар­дың көңілін бірден баурады. Ұйымдас­тырушылар бүлдіршіндер үшін мазмұны бай әрі қызықты концерттік бағдарлама әзірлеген. Кеш барысында Аяз ата мен Ақшақар, түрлі мультфильм кейіпкерлері балалармен бірге ойын ойнап, ән салып, би биледі. Анимациялық шоу мен интерактивті қойылымдар да жеткіншектердің белсенділігін оятып, олардың сахнада еркін ойнап, өздерін алаңсыз сезінуіне мүмкіндік ашты. Әсіресе, балалардың ертегі кейіпкерлерімен бірге сахналық көріністерге қатысып, өздерін сол оқиғаның бір бөлшегіндей сезінген сәттері көптің көңілін толқытты. Бұл – тек көңіл көтеру ғана емес, ерекше балалардың қоғаммен етене араласып, өздерін маңызды әрі бағалы сезінуіне мүмкіндік берген тағылымды кеш болды.
    Шара барысында сөз сөйлеген партия өкілдері мұндай бастамалардың маңыздылығына ерекше тоқталды. Олардың айтуынша, «AMANAT» партиясы үшін әлеуметтік осал топтағы отбасыларды қолдау – басты бағыттың бірі. Ерекше күтімді қажет ететін балаларды қоғамнан тыс қалдырмай, оларға әрдайым қамқорлықты сезіндіру де жалпыға ортақ міндет екенін жеткізді.
    Мерекелік кеште балаларға жаңа­жылдық сыйлықтар табысталды. Кеш соңында әр жеткіншекке тәттілер салынған арнайы сыйлықтар беріліп, олар Аяз атамен бірге естелік суретке түсті. Балалардың қуаныштан жайнаған жүздері бұл бастаманың қаншалықты қажет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ата-аналар да ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай шаралардың ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін маңызы зор екенін атап өтті. Олардың айтуынша, мұндай мерекелер баланың эмоционалдық дамуына ғана емес, қоғамға бейімделуіне де оң әсер етеді.
    Айта кетерлігі, биыл өңіріміз бойынша «AMANAT» партиясының мүшелері 2 мыңнан астам балаға жаңажылдық сыйлық табыстап, бірнеше ауданда осындай мерекелік бағдарламаларды жүзеге асыруда. Әр ауданда ұйымдастырылған кештердің басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, отбасыларға моральдық қолдау көрсету және қоғамда мейірімділік құндылықтарын нығайту. Қонаевтағы бұл жаңажылдық кеш партияның әлеуметтік жауапкершілікті терең сезінетінін және нақты іспен қолдау көрсетіп келе жатқанын айқын аңғартты. Жаңа жыл қарсаңында жасалған әрбір жақсылық, жылы сөз бен шынайы қамқорлық жеткіншектердің болашаққа деген сенімін нығайта түсетіні сөзсіз.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Соңғы жаңалықтар

    «ҰЛТТЫҚ ӨНІМ» КӨРМЕСІ – ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК
    27.04.2026
    Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
    27.04.2026
    Болашақ чемпиондар бозкілемде
    27.04.2026
    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ СӨЗ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
    27.04.2026
    Бастаманы ауқымдау және оны практикалық тұрғыдан іске асыру
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>