⛅
8°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» – ОЗЫҚ БІЛІМ МЕН ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ

    13.01.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Парламент, Партия
    «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» – ОЗЫҚ БІЛІМ МЕН ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

           Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин, Алматы облысы Іле аудан Қараой ауылдық округі Н.Тілендиев ауылындағы 900 орындық мектеп құрылысымен танысты. Жоба «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
    Бүгінде 900 оқушыға арналған жаңа үш қабатты ғимараттың құрылыс жұмысының 90% -ы орындалған, шатырын жабу, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру сынды жұмыстар жүріп жатыр. Кестеге сәйкес, нысан 2026 жылдың қараша айында салынып бітеді деп жоспарланған, бірақ мердігер ұйым наурызға дейін тапсыруға дайын екенін айтып отыр. Бұл мектеп оқушыларына жаңа оқу жылында жаңа мектеп партасына отыруға мүмкіндік береді.

    Мәжіліс депутаты Максим Рожин атап өткендей, білім беру саласындағы мемлекеттік саясат жаңа мектептер салуды және қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуді ғана емес, ең алдымен оқушылар мен олардың педагогтеріне қамқорлық жасауды да қамтиды.
    Соңғы жылдары мұғалімдерді қолдау бойынша түбегейлі шешімдер қабылданды. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғаннан бері алты жыл өтті, ол айтарлықтай нәтиже берді. Сонымен қатар, біліктілігі мен өтілі үшін үстемеақылар енгізілді, мұғалімнің ерекше құқықтық мәртебесі бекітілді, оқытушылардың бірнеше санаты үшін демалыс күндері ұлғайтылды, сынып жетекшілігі үшін қосымша ақылар және тағы басқалары ұлғайды. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының бастамасымен және «AMANAT» партиясының қолдауымен жүргізіліп жатқан дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Жаңа мектептер тек заманауи кабинеттерден ғана емес, сондай-ақ ынталы, қорғалған педагогтарден де құралуы тиіс, – деп атап өтті депутат.

    Нысанның жай-күйін көрген депутаттар мектеп инфрақұрылымын дамыту мемлекет үшін басым міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Алмасбек Сатибаевтың айтуынша, өңірдегі оқушылар санының өсуі білім беру мекемелерін де тездетіп салуды қажет етеді.

    – Жаңа оқу жылында 1060-қа жуық оқушы оқуын бастайды, оның 75-ке жуығы 1-сыныпқа барады. Мектептердің құрылысы отбасылардың өмір сүру сапасына тікелей байланысты. Білім берудің қолжетімділігі туралы айтатын болсақ, бұл балалар мен ата-аналарға арналған нақты жағдайларға тікелей қатысты. Жаңа ғимараттар шамадан тыс жүктемені азайтады, екінші ауысымдар кемиді және қалыпты білім беру ортасы қалыптасады. Сондықтан мұндай нысандар біздің партиямыздың тұрақты бақылауында, – деп атап өтті ол.

    Ұсынымдар

    Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

    Антониу Кошта: Қазақстанның Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысты реттеуге көрсеткен қолдауын құптаймыз

    3 months ago
    ЖЕР — ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

    ЖЕР — ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

    11 months ago
    Кәсіптік білімнің келешегі қандай?

    Кәсіптік білімнің келешегі қандай?

    1 year ago
    Өңір ұстаздары марапатталды

    Өңір ұстаздары марапатталды

    2 years ago
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ №20 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ №20 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

    23 hours ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>