⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    5571 әскери бөлімінде 600-ден астам жас сарбаз ант қабылдады

    19.01.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    5571 әскери бөлімінде 600-ден астам жас сарбаз ант қабылдады
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Күні кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде маңызды әрі салтанатты шара өтті. Әскери бөлім қатарына жаңадан қосылған 600-ден астам жас сарбаз Отан алдындағы басты борышын адал атқаруға Әскери ант қабылдады. Салтанатты рәсімге әскери бөлімнің ардагерлері, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина, алматылық жедел құраманың басшылығы, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары мен жақын туыстары қатысты.

    Іс-шара ашық деп жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалып, еліміздің көк байрағы салтанатты түрде көтерілді. Мемлекеттік туды көтеру құрметі оқу пунктінің үздік сарбазы, қатардағы Ермек Мұсахановқа берілді.

    Салтанатты жиында сөз сөйлеген 5571 әскери бөлімінің командирі, полковник Мақсат Баймағұлов жас сарбаздарды маңызды тарихи сәтпен құттықтап, олардың алдағы қызметіне сәттілік тіледі:
    – Бүгін әскери бөлімде ерекше әрі маңызды оқиға болып отыр. Жас сарбаздардың Әскери ант қабылдауы – біз үшін мәртебелі күндердің бірі. Осы сәт өмірлеріңізде мәңгі есте сақталатынына сенімдімін. Бүгіннен бастап сіздер Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының сарбаздары қатарына ресми түрде қосылдыңыздар. Енді ел тыныштығын сенімді қорғап, әскери борыштарыңызды адал атқарыңыздар. Ұлттық ұланның атын, оның бай әскери дәстүрін абыроймен жалғастыру – сіздердің басты міндеттеріңіз, – деді бригада командирі.

    Сондай-ақ мінберде 2-оқу ротасының сарбазы қатардағы Әлібек Ақмолдаевтың анасы Жанна Нағызбекқызы, бөлім ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Берік Алмағамбетов және «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина сөз сөйлеп, жас жауынгерлерге ақ тілектерін арнады. Олар әскери қызметшілерге алғыстарын білдіріп, сарбаздардың ел қорғаны болу жолындағы жауапты қызметіне сенім білдірді. Сонымен қатар 1-оқу ротасының сарбазы қатардағы Әлинұр Әшірхан да сөз алып, қаруластарына жігер беріп, Отанға адал қызмет етуге шақырды.

    Осылайша, жас жауынгер курсынан өткен және Әскери ант қабылдаған сарбаздар бүгіннен бастап еліміздің заңдылығы мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бір сапта қызмет ететін болады.

    Естеріңізге сала кетейік, 5571 әскери бөлімінің жеке құрамы оңтүстік астананың қоғамдық-саяси, спорттық, мәдени іс-шараларына, сондай-ақ мегаполистегі қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысады.

    Ант берген сарбаздар жақын арада Алматы көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға кіріседі.

    Соңғы жаңалықтар

    Саябақ салынады
    01.04.2026
    Татулығы жарасқан
    01.04.2026
    Есірткіге жол жоқ!
    01.04.2026
    Қазақ тіліндегі корей оқулығы
    01.04.2026
    Мемлекеттік қызметкерлерге арналған маңызды семинар өтті
    01.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>