☀️
11°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны азайды

    21.01.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Қылмыс
    Алматы облысында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны азайды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысында 2024 жылы 1470 алаяқтық дерегі тіркелсе, 2025 жылы олардың саны 1711-ге жеткен. Осылайша, алаяқтық қылмыстар 16,4 пайызға өскен. Әйтсе де, Алматы облысында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны айтарлықтай төмендеген. 2024 жылы өңірде 75 интернет-алаяқтық дерегі тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 35-ке дейін қысқарған. Бұл жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының оң нәтижесін көрсетеді.

    Бұл мәліметтерді Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлібек Керім баспасөз мәслихатында хабарлады.

    Спикердің айтуынша, соңғы жылдары тұрғындардың киберқауіпсіздікке қатысты сауаттылығы біртіндеп артып келеді. Дегенмен, алаяқтар қолданатын тәсілдер әлі де өзектілігін жоғалтпаған. Ең жиі кездесетін әдістердің қатарында sms-код сұрату, жалған инвестициялық жобалар арқылы табыс уәде ету, шын мәнінде жұмыс істемейтін интернет-дүкендер, сондай-ақ делдалдық сипаттағы «дроперлік» схемалар бар.

    ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Алматы облысында алаяқтықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, ескерту сипатындағы бейнематериалдарды тұрақты түрде жариялап келеді.

    – Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 2025 жылы интернет-алаяқтыққа қатысты 39 миллион 680 мың теңге күдікті есепшоттардан уақытылы бұғатталды. Оның ішінде 18 миллион 269 мың теңге зардап шеккен азаматтарға кері қайтарылды. Сонымен қатар, 3750 жалған сайттың қызметі тоқтатылды, – деді Әлібек Керім.

    Айта кету керек, қылмыстарды ашу көрсеткіші де өсім көрсетіп отыр. 2024 жылы бұл көрсеткіш 9,3 пайызды құраса, 2025 жылы 11,8 пайызға жеткен.

    Мамандар тұрғындарды жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және кез келген қаржылық ұсыныстарға сын көзбен қарауға шақырады.

    Ұсынымдар

    Кәсіпкерлікке жол ашады

    Кәсіпкерлікке жол ашады

    2 years ago
    Аманатқа қиянат жүрмейді

    Аманатқа қиянат жүрмейді

    2 years ago
    Тіл саясаты тиімді жүргізіліп келеді

    Тіл саясаты тиімді жүргізіліп келеді

    1 year ago
    “Ескерткіш те сөйлейді”

    “Ескерткіш те сөйлейді”

    3 years ago
    Еріктілер аллеясы ашылды

    Еріктілер аллеясы ашылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>