Неке және отбасы құндылықтары, отбасындағы зорлық-зомбылық, алимент төлемеу, алып қашу сынды тақырыптар соңғы жылдары қоғамдағы өзекті мәселенің біріне айналды. Осыған қатысты дау-дамай да, шешуі қиын жайттар да баршылық. Осы орайда бүгін Конституциялық комиссияның төртінші отырысында қаралған Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасынан аталған мәселенің шешімі болар нақты қадамдарды байқадық. Ендігіде елімізде неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтілмек. Жоба таныстырылымында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов ұсынылған өзгерістердің басты тұстарына ерекше тоқталып, «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» атты бөлімнің жаңа атауы қарастырылған мәселелерді толық қамтитын айтып өтті.
«Бұл өмір сүру құқығын абсолюттік дәрежеге көтеру, адамға бағдарланған саясат, адамның жеке басына қол сұғылмаушылық пен «Миранда ережесінің», цифрлық дәуірде жеке мәліметтерді қорғау, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауды күшейту, әлеуметтік құқықтар мен құқықтық анықтық қағидаттарын бекіту деген сөз» – деген Бақыт Нұрмұханов Конституцияда неке мен отбасы құндылықтарын қорғау міндеттемелері күшейтілетінін айтты.
Роза Исатаева,
Еңбекшіқазақ аудандық Аналар кеңесінің төрағасы




