-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Қожеке Назарұлы – 200» экспедиция тобы Кеген ауданына келді

    20.07.2023
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    «Қожеке Назарұлы – 200» экспедиция тобы Кеген ауданына келді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    «Туған елге тағзым» жобасы аясында белгілі күйші-сазгер Қожеке Назарұлының 200 жылдығына орай, облыс әкімінің қолдауымен құрылған ғылыми эспедиция тобы Кеген ауданына атбасын бұрды.

    Олардың алғашқы нысаны Кеген аудандық тарихи-өлкетану мұражайы болды. Мұнда келген әрбір адам Кеген аймағының бүкіл тарихымен таныса алады. Одан соң келген қонақтар Кеген аудандық кітапханасы ұйымдастырған «Ұлттық рухқа сәуле шашқан ұлы күйші» тақырыбында жасақталған кітап көрмені тамашалап, Қожеке күйші туралы жазылған жаңа кітаптарімен танысты.

    Белгілі ғалымдардан құрылған экспедиция тобының құрамындағы: ақын-композитор, Қазақстан Жазушылар одағының, Халықаралық айтыс ақындары, жыршы-термешілер одағының мүшесі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров, филология ғылымдарының кандидаты, фольклорист-журналист, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Сағатбек Медеубек, тарих ғылымдарының кандидаты, тарихшы, Қазақстан мемлекеттік архивінің бас маманы Нұржұма Елесбай мен күйші, өнертану ғылымының докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Ержан Жәмеңкеев және мәдениеттанушы-зерттеуші Ертай Жомарттар мұражайдың мәжіліс залында жиналған қауыммен бас қосып, күйші Қожеке Назарұлының және басқа да атаулы тұлғалардың өміріне қатысты аңыз-әңгімелер, ән-күйлерімен, басқа да еліміздің рухани өміріне қатысты тың деректерімен бөлісті.

    «Экспедицияның негізгі мақсаты өшкенімізді жағып, жоғалтқанымызды тауып, ұмытқанымызды жаңғыртып, тарихымызды түгендеу. Жергілікті жыршы-күйшілердің аузынан күйші Қожеке Назарұлының ел естімеген жыр-термелерін тыңдап, тарих қазынасын байыту һәм жас ұрпаққа насихаттау, ұлы тұлғаларымыздың мұраларын ұлықтау», – дейді ғалым Сағатбек Медеубекұлы.

    Мұнан кейін ғалымдар сөз алып, тақырып аясында әңгіме қозғап, ойларымен бөлісті.
    Жергілікті жыршы-термешілер Кәдірбек Сүлеймен мен Гүлбақыт Баймұханбетов ақын-композитор Қапез Байғабылұлының, Қожеке Назарұлының ән-күйлерін көпшілік назарына ұсынса, ауыл тұрғындары Ұлан Нұрақынов пен Болат Мамытахынов күйшінің ел аузындағы аңыз-әңгімелерін айтып берді.

    Айтулы шараны Кеген аудандық мәслихат хатшысы Алмасбек Нөкербанұлы қорытындылап, ғылыми экспедиция құрамының жұмысына сәттілік тіледі.

    Айта кетейік, күйші Қожеке Назарұлы 1827 жылы Кеген ауданы, Қарқара жайлауында дүниеге келген. 1885 жылы Қытайдың Сүйдін түрмесінде қайтыс болып, сол маңдағы Жанбұлақ деген жерге жерленген. Қожеке күйші – патшалық Ресейдің отарлық езгісіне қарсы жасалған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. Ел басқарған басшы, қол бастаған батыр, он саусағынан өнер тамған дәулескер күйші, сазгер, күй мектебін қалыптастырушы көрнекті тұлғалардың бірі. Алайда, Қожеке күйлері толық зерттелмеген, нақты саны жоқ. Ел аузында жүзден аса күйі бар деп айтылғанымен, 30-дан астамы ғана нотаға түскен.

    Дәурен Әбутәліпов
    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    “Сұңқар” арнайы жасағы халықаралық жарыста топ жарды

    “Сұңқар” арнайы жасағы халықаралық жарыста топ жарды

    5 months ago
    Сақ стилінде айшықталды

    Сақ стилінде айшықталды

    10 months ago
    “Жас өрт сөндірушілер” әскери-патриоттық сыныптары ашылды

    “Жас өрт сөндірушілер” әскери-патриоттық сыныптары ашылды

    2 years ago
    Тұрғындар тілегін тыңдады

    Тұрғындар тілегін тыңдады

    15 minutes ago
    Бас ұстаздар баспасөзді қолдайды

    Бас ұстаздар баспасөзді қолдайды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>