☀️
20°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ата Заң – азаттығымыздың қорғаны

    29.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Лебіз, Саясат
    Ата Заң – азаттығымыздың қорғаны
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер жайы кім-кімді болса да алаңдатпай қалмайды. Ақсақал ретінде мені де болашақ ұрпағымыздың келешегі ойландырмай қоймайды. Талай тауқымет тартқан еліміз тәуелмсіздігін алып, ғасырлар бойғы арманына жетіп, бүгінде әлемге әйгіленді. Алдағы уақытта да еліміз осындай мдаму қарқынынан таймаса екен деген арманым бар. Біз асарымызды асадық, жасарымызды жасадық. Енді тек артымыздан ерген ұрпағымыз бейбіт заман құшағында өмір сүрсе екен. Егемен еліміздің басына бонған бақ құсы мәңгі тұрақтап тұса екен. Бұл – менің арманым.

    Тәуелсіздікке қол жеткізген қаншалықты қиын болса, оны ұстап тұру одан да ауыр. Сондықтан заман көшінен, қоғам талабынан кем қалмай, өмір ағынымен, жаһандық дамумен біздің еліміз де өрге жүруі керек. Сол себепті де Ата Заңымызға түзетулердің қажеттігін білдік әрі оған түсіністікпен қарадық.

    Бірнеше күннен бері Конституциялық комиссия отырыстары тікелей эфир арқылы көрсетілуде. Осыған аса қатты қуандық. Үйде отырып, толықтай тыңдап шықтым. Елдің назарынан тыс болмай, осылай ашық әрі әділ отырыстың өткенінен риза болдым. Бүгінгі отырыста Республикалық адвокаттар алқасының Төрағасы Мәди Мырзағараевтың айтқан ойы көңілімнен шықты. Бұл отырыстың формальды емес, мазмұнды, жабық форматта емес, ашық өткенін айта келе Конституцияға енгізіліп отырған өзгерістерді жіг-жігімен талдап, талқылағандықтарын жеткізді. Заманның, қоғамның талабына сай өзгертілгендіктен жаңа Ата Заң мәселесін қарауды ұсынды. Бұл да орынды пікір деп есептеймін. Себебі қандай жағдайда да еліміздің бас құжаты Ата Заңымыз елдің елдігін, халдықтың бірлігін, қазақтың теңдігін қорғауы керек. Ұлттығымызды ұлықтап, тілімізді төрге оздырып, құндылықтарымызды әспеттеуіміз қажет. Міне, жаңа Ата Заң қазақтың тәуелсіздігін қорғап, мәңгілік азаттықтың алып қорғанына айналса екен деп аңсаймын. Лайым солай болғай.

    Жәнет Сәдіұлы,

    Ұйғыр аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

    Соңғы жаңалықтар

    Есік қаласында сенбілік өтті
    28.03.2026
    Алматы облысы «Жер сағаты» акциясына қатысады
    28.03.2026
    Жаңа визит-орталығы ашылды
    28.03.2026
    Іле ауданында ауқымды сенбілік өтті
    28.03.2026
    Жастар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>