⛅
-3°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өрт сөндіру бекеті ашылды

    07.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Өрт сөндіру бекеті ашылды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Шараға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дәурен Оразбеков, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Еркебұлан Тергеусізов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

    Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев жиналған көпшілікті жаңа нысан­ның ашылуымен құттықтап, өрт сөндірушілерге «Уаз» және «КамАЗ АЦ-5-40» маркалы арнайы автокөліктердің кілтін табыстады. Сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің іске қосылуына қолдау көрсеткен белсенді азаматтар – Рашид Жанатұлы, Ғани Бақытұлы және Ерлан Ерсінұлын Алғыс хатпен марапаттады.
    – Ел қауіпсіздігін сақтау – Мемлекет басшысының ерекше назарында. Шалғай ауылда жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылып жатқанына қуаныштымыз. Осыған орай, ауыл әкіміне Төтенше жағдайлар министр­лігінің және өз атымнан алғыс білдіремін, – деген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Дәурен Оразбеков Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі Нұржан Қораласовты министрліктің 30 жылдығына арналған медальмен марапаттады.
    Одан кейін сөз кезегі аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман мен ауыл тұрғыны, ардагер-журналист Марат Тақабайұлына берілді. Олар өрт сөндіру бекетінің маңыздылығына тоқталды.
    Бұдан соң облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Дәурен Оразбеков, аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман, еңбек ардагері Марат Тақабаев ресми түрде жаңа ғимараттың лентасын қиды. Жиналған көпшілік нысанның ішін аралап көрді.
    Айта кетейік, мұнда алдағы уақытта екі ауысыммен 8 адам жұмыс істейді. Нысан қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
    Жаңадан ашылған бекет төтенше жағдайлардың алдын алуға, азаматтар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, елдімекеннің тыныштығын сақтауға қызмет ететін болады.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    9 months ago
    Халықтың қалтасын қағу

    Жүргізуші мәдениеті неге төмен?

    2 years ago
    Биыл қандай алаяқтық түрлері кең тарады?

    Биыл қандай алаяқтық түрлері кең тарады?

    2 years ago
    Конституцияны жаңарту – ел дамуына жасалған қадам

    Конституцияны жаңарту – ел дамуына жасалған қадам

    2 days ago
    Қолайлы жағдай жасалған

    Қолайлы жағдай жасалған

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>