Перейти к содержимому
Главная страница » Алатау — жедел даму қаласы: Конституциямен бекітілген мүмкіндігіміз

Алатау — жедел даму қаласы: Конституциямен бекітілген мүмкіндігіміз

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасында біздің жас қаламыз Алатау үшін шынайы стратегиялық маңызы бар норма пайда болды. Әңгіме 5-баптың 6-тармақшасы туралы, онда жекелеген өңірлер үшін «жедел даму қаласы» арнайы құқықтық режимін, сондай-ақ қаржы саласында арнайы құқықтық режимді белгілеу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл жай ғана құқықтық тұжырым емес. Бұл — экономикалық өсімді жеделдетуге, инвестиция тартуға, заманауи басқару шешімдерін енгізуге және қалалық өмірдің жаңа стандарттарын қалыптастыруға жол ашатын нақты даму құралы. Бүгінде сеніммен айтуға болады: бұл норма тікелей Алатау қаласына қатысты.

Алатау — жас, болашағы зор әрі қарқынды дамып келе жатқан қала. Ол жаңа мүмкіндіктер аумағы және өңірлік ауқымдағы өсу нүктесі ретінде құрылды. Дәл қазір елдің Негізгі заңы деңгейінде осы әлеуетті толық іске асыруға мүмкіндік беретін құқықтық база қалыптасып жатыр.

Мұның өзектілігін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы атап өткен ұстаным одан әрі айқындай түсті. Өз сөзінде Президент өңірлердің жедел дамуының басымдығына, жаңа экономикалық өсу орталықтарын құру қажеттілігіне, басқарудың икемді әрі тиімді үлгілерін енгізуге назар аударды. Өңірлердің тұрақты дамуы жалпы мемлекеттік экономиканы нығайтудың негізгі факторы екені атап өтілді.

Конституция жобасы осы стратегиялық бағытқа толық сәйкес келеді. Арнайы құқықтық режимдерді белгілеу мүмкіндігі мыналарды көздейді:

мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру;

бизнес пен инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау;

инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жедел дамыту;

мемлекеттік және сот институттарының қызметіне заманауи тәсілдерді енгізу;

жайлы әрі бәсекеге қабілетті қалалық орта қалыптастыру.

Алатау үшін бұл — сапалық жаңа даму деңгейіне көшу және болашақ қаласына айналудың нақты мүмкіндігі.

Конституция — азаматтар мен өңірлердің мүддесін бейнелейтін құжат екенін атап өткен жөн. Ұсынылған жобада Алатау қаласы тұрғындарының ұстанымдары мен үміттері айқын көрініс тапқан: тұрақты даму, экономикалық белсенділік, ашықтық және лайықты өмір сапасына ұмтылыс.

Осыған байланысты бүгін қала тұрғындарының белсенді азаматтық ұстаным танытып, Конституция жобасын қолдап, оның қоғамдық талқылауына қатысуы аса маңызды. Бұл жобаны қолдай отырып, біз Алатаудың болашағын, оның дамуын және келесі ұрпақтың игілігін қолдаймыз.

Алатау — жай ғана жас қала емес. Бұл — Конституция жедел даму жолын ашып отырған қала. Осы тарихи мүмкіндікті пайдалана аламыз ба — ол біздің ортақ белсенділігімізге байланысты.

Асанбаев Ансар,

«Batyr Gym» спорт клубының директоры,

Алатау қаласы