Жастардың алдында сөз алған Алматы облысы әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қуаныш Сағымбаев конференция мамандардың кәсібилігін арттыру, тәртібін жақсарту мақсатында ұйымдастырылғанын айтты.
«Біздің басты міндетіміз – жас мемлекеттік қызметшілерге қызметтегі әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығын жеткізу. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласында атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты талқылап, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап бердік. Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметкерлерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заң талаптарын сақтау бойынша кеңестер беруге әрқашан дайын. Бүгінгі таңда өз міндеттеріне аянбай, ерекше жауапкершілікпен қарап, ел азаматтарының игілігі үшін еңбек ету қажет», – деді Қуаныш Мұсаұлы.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облыстық департаменті басшысының орынбасары Асхат Тәкебаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметтің өзге салалардан ерекшелігі де бар.
«Департаменттің басты міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметте жұмыс істей алатын дарынды жастарды іріктеу. Агенттік жаңа тәсілдер әзірлеп, Мемлекеттік қызмет туралы заңға өзгерістер енгізілді, – деді Асхат Тәкебаев. Оның сөзінше, бұл шаралар талантты әрі білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тартуға, оларды ынталандыруға, өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға бағытталған. Атап айтсақ, біріншіден, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындалады. Екіншіден, «Б» корпусының жоғары лауазымдарына, мысалы облыстық деңгейде басқарма немесе департамент басшысы лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі бар. Үшіншіден, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын үздік тәмамдаған магистраннтар мен докторанттар оқуды бітіргеннен кейін 1 жыл ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда лауазымды қызметтерге конкурссыз тағайындау қарастырылған», – деді Асхат Қанатұлы.
Департамент мәліметіне қарағанда, бүгінде облыста жергілікті билік өкілдерінің саны 3700-ден асады. Оның 25 пайызы – жастар.