🌫️
-4°C
Қонаев
Бейсенбі, Ақпан 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Халықтың әлеуетін арттыру – басты мақсат

    11.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Халықтың әлеуетін арттыру – басты мақсат
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Премьер-Министр Олжас Бектенов экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту жөніндегі алға қойған міндеттеріне, Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарға сәйкес Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған іс-шаралар қабылдаған. Нәтижесінде экономиканың орнықты өсімін сақтап қалуға қол жеткізілген.

    Инфрақұрылымды жаңғырту және ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру басым бағыт ретінде айқындалған. Микро және шағын бизнесті қолдауға баса назар аударылған. Бұл ретте инфрақұрылымдық қолдау шараларын бір жүйеге келтіретін «Іскер аймақ» бағдарламасы бекітілген.
    Үкіметтің 2026 жылға арналған негізгі басымдығы – халықтың табысын арттыру. Бұл ретте өндірістер құруға, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған жүйелі шаралар жүзеге аспақ. Биыл цифрландыру мәселесіне де айрықша назар аударылмақ. Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру жылы аясында экономиканың барлық саласына озық технологиялар мен ЖИ енгізу және Цифрлық мемлекет құру міндеті қойылып отыр. Алайда бұл бағыттағы жұмыс тиісті деңгейде жүріп жатқан жоқ. Экономиканың нақты секторында цифрландыру процестері әлі де бастапқы сатыда. Осы күнге дейін салалық деректер қорлары толық қалыптаспай отыр. Осы және басқа да мәселелердің барлығы Үкімет әзірлеген «Digital Qazaqstan» стратегиясында өз шешімін табуы тиіс, ол барлық цифрлық бастамаларды жалпыұлттық бағдарламаға біріктіреді.
    Олжас Бектенов өз баяндамасында арнайы экономикалық және индус­трия­лық аймақтарды инфра­құры­лым­мен қамтамасыз ету, энергия тапшылығы мәселелерін шешу, өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс­тарға да тоқталды. Арнайы экономикалық аймақ­тардың өзінде инфрақұрылыммен орташа қамта­ма­сыз ету деңгейі небәрі 53%-ды, ал индустриялық аймақтарда бұл көрсеткіш 48%-ды құрайды. Осыған байланысты Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақ­тарда инфрақұрылымды жедел дамыту бойынша бірқатар қажетті шешім қабылдауда. Бұл ретте алдағы үш жыл ішінде Ислам даму банкі қаражатын тарту есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті инфра­құрылым салуға 1 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылмақ.


    Премьер-Министр Президент қойған міндеттерге сәйкес инвесторларды тарту жүйесі жетілдіріліп жатқанын да атап өтті. Жобалар бастапқы кезең­нен құрылысы аяқталғанға дейін «жасыл дәліз» қағидасы бойынша сүйемелденеді. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылып жатқан Алатау Сити қаласы инвестиция тартудың жаңа орталығына айналмақ.
    Кеңейтілген отырыста ел Перезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет­ке халықтың табысын арт­тырып, инфляцияны тежеуді тапсырды. Мемлекеттің тиімсіз шығын­дарын қысқарту үшін бюджет бағдарла­маларын бастан-аяқ қайта қарау қажеттігін алға тартты. Барлық мемле­кеттік орган жауапкершілікті толық сезініп, тапсырмаларды уақытылы орындауы тиістігін айтты.
    – Біздің басты мақсатымыз – қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және халық­­аралық әлеуетін арттыру. Сарап­шылар әлем экономикасының өсімі баяулап, халықаралық сауда қарқыны әлсірейді деген болжам жасауда. Дамушы елдерге салынатын жаһандық инвестиция көлемі азайып барады. Қаржы саласы тоқырауға ұшырауы мүмкін. Бүгінде көптеген ел өз нарығын қорғау шараларын күшейтіп жатыр. Мемлекеттер арасында өзара тарифтік шектеу қою үрдісі белең алды. Жаһандану үдерісі кері сипат ала бастады. Мұның бәрі әлемдегі геосаяси ахуалды өзгертіп жатыр. Бірақ негізгі әрі шешуші оқиғалар әлі алда.
    Дүниежүзінде мүлде жаңа үдерістер пайда болуда. Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін біз осы өзгерістерге экономикалық және саяси тұрғыдан бейімделуіміз қажет. Бұл – аса маңызды міндеттің бірі.
    Бұрынғы тәсілдер қазір тиімсіз болып қалғанын көріп отырмыз. Озық мемлекеттер әлем экономикасын дамы­тудың жаңа үлгісін әзірлеуге кірісіп кетті. Біз де бұл үдерістен шет қалмауымыз керек.
    Ұлт мүддесін қорғау үшін эконо­миканы нығайтуға және дамытуға арналған нақты жоспар болуға тиіс. Дүниежүзіндегі экономикалық ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Біздің миссиямыз – айқын: экономикалық өсім жоғары сапаға ие болуы керек, яғни, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсартуға тиіс. Басқаша айтсақ, ішкі жалпы өнім артқан сайын азаматтардың нақты табысы да көбеюі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
    Мемлекет басшысы өз сөзінде жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу – экономикалық дамудың басты арқауы болуы керегін айтты. Цифрлық тәсілдер арқылы артық шығынды қысқартып, әкімшілік кедергілерді еңсеруге, басқару ісіндегі тиімсіз шешімдерді барынша азайтуға болатынын жеткізді.
    – Жасанды интеллектіні толыққанды енгізу бүкіл цифрландыру саясатының өзегі болуға тиіс. Жасанды интеллектіге негізделген аса маңызды цифрлық жобаларды жүзеге асыру мәселе­сін айрықша назарда ұстау керек. Үкімет мұндай жобаларды толық әрі уақытылы қаржыландыру үшін негізгі басымдықтарды нақты белгілеп алуы қажет. Әйтпесе, ауқымды жоспардың бәрі қағаз жүзінде қалып қояды. Алдымызда айқын бағдар болмаса, қандай стратегиямен де мақсатқа жету оңай болмайды.
    Соңғы кезде мемлекеттік цифрлық жүйелердің жұмысынан ақау шығып жүр. Бұл қазіргі ІТ-тәсілдердің технологиялық жағынан ескіргенін және басқару сапасының төмендігін көрсетеді. Мұндай олқылық­тар мемле­кеттің бизнес өкілдерімен және азаматтармен қарым-қатынасына кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ тиімді цифрлық орта қалыптастыру жұмысын тежейді, – дей келе, цифрлық өзгерістің бәрі QazTech платформасының негізінде жасалуға тиіс екенін алға тартты.
    Мемлекет басшысы инвестиция тартуға арналған біртұтас стратегия қажеттігін де жеткізді. Бұл стратегияда, ең алдымен, жоғары технологиясы бар заманауи өндірістер ашуға басымдық берілуге тиіс екенін айтты. Үш айдың ішінде арнайы экономика­лық аймақтарды дамытудың жаңа үлгісі бекітілуі керегін атап өтті. Қазақстанның инвестициялық әлеуетін көтеруге, бәсекелік артықшылықтарын дамытуға баса мән берілуі қажеттігіне де тоқталды.
    – Жедел даму жолына түскен Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс. Бұл – Smart City қағидатына сәйкес барлық салаға озық инновациялар енгізу, жасанды интеллекті мен цифрлық технологияны қолдану деген сөз. Онда капитал тарту үшін теңдесі жоқ жағдай жасалып, жаңа, батыл шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін үздік реттеу режимін қалыптастыру қажет. Осы маңызды мәселе бойынша менің тапсырмаммен Конституциялық заң әзірленіп, Парла­мент­тің қарауына ұсынылды, – деді.
    Президент мемлекеттік қызмет­керлердің интеллектуалды деңгейі мен оқу мәдениетіне қатысты да сөз қозғады. Кейбір Үкімет мүшелерінің тіпті маңызды стратегиялық мақалалар мен сұхбаттарды соңына дейін оқымай­тынына қынжылыс білдірді. Қазіргі интернет заманында адамдар ұзақ мәтіндерді қабылдаудан қалып бара жатқанын, маңызды ақпаратты оқудың орнына, оның қысқаша мазмұнын тыңдай салуға көшкенін айтты.
    – Бұл мемлекеттік қызметкерлерге жараспайтын әдет. Оқу керек. Әйтпесе, зейнет жасына жеткен кезде, ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар. Бұл – өте қауіпті. Сондықтан көп оқыңыздар, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
    Мемлекет басшысы интеллектуалды еңбекпен айналысатын адамдар үшін кітап оқудың маңызын қадап айтты. Шенеуніктерге интернетке тәуелді болмай, тереңірек ізденуді тапсырды.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Ұсынымдар

    Ұстаз мерейі

    Ұстаз мерейі

    4 months ago
    Қонаевта көпқабатты үйдің шатыры өртеніп, 210 адам эвакуацияланды

    Қонаевта көпқабатты үйдің шатыры өртеніп, 210 адам эвакуацияланды

    3 years ago
    Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар

    Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар

    1 year ago
    Өнерге құштар Айзере

    Өнерге құштар Айзере

    8 months ago
    Шалғай ауылдарға сапалы медицина: Алматы облысында мобильді дәрігерлер тобы 1300-ден аса адамды тексерді

    Шалғай ауылдарға сапалы медицина: Алматы облысында мобильді дәрігерлер тобы 1300-ден аса адамды тексерді

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>