❄️
-9°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғылым мен өндіріс ұштасса…

    12.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Ғылым мен өндіріс ұштасса…
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Отандық аграрлық ғылымның айрықша құндылығы – тек жаңа сорттар мен гибридтерді шығарып қана қоймай, оларды өндіріске енгізуге ықпал етуінде. Бұл бағытта нәтижелі жұмыс істеп жатқандар қатарында Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылында орналасқан Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын атауға болады. Аталмыш институт қабырғасында «Аграрлық ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу – АӨК-нің (агроөнеркәсіптік кешен) тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

    Шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ (ҰАҒБО) басшылығы, еліміздің түрлі өңірлерінен келген жетекші ғалымдар мен сала мамандары қатысты.
    Семинарға қатысушылар алдымен ҰАҒБО құрылымына кіретін жекелеген ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) дайындаған көрмемен танысты. Атап айтқанда, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ, сондай-ақ Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-дің «Қайнар» өңірлік филиалы өз жетістіктерін ұсынды. Аталған үш институттың ғалымдары өз әзірлемелерін таныстырып, өсімдік, жеміс-жидек, көкөніс сорттары мен өсіру технологияларының ерекшелігі туралы баяндады.
    Одан кейін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-дің бөлімдері мен зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия жұмысына «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева жетекшілік етті. Ал бөлімдердің жұмысынан меңгерушілер мен ғылыми қызметкерлер хабардар етті. Мұндағы мамандар атап өткендей, 1996 жылдан бастап институт экспедициялар ұйымдастырып, өсімдіктердің жабайы түрлерін жинай бастаған. Қазіргі таңда оның генбанкінде 40 мыңнан астам бірегей өсімдік үлгілері сақтаулы. Сақтаудың үш түрі – қысқа, орта және ұзақ мерзімді нысандары қарастырылған, олар халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.
    Өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының меңгерушісі Раушан Ержебаева ондағы жұмыс барысын әңгімелеп, мұнда отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарының генетикалық әлеуеті зерттелетінін айтты. Семинарға қатысушылар сондай-ақ өсімдіктердің молекулалық-биологиялық талдауы, иммунитеті мен қорғау, биохимия және астық сапасын бағалау технологиясы зертханаларында болды.
    Институт аумағында орналасқан үш зауытты аралау ерекше қызығушылық тудырды. Олар – жүгері, қант қызылшасының тұқымын өңдеу, мал азығы дақылдарының жоғары сапалы тұқымдарын өндіру, капсулалау және дәрілеу зауыттары. Бұл жобаларға «Ғылым қоры» АҚ қолдау танытуда.
    Семинар-кеңес жұмысы бұдан ары институттың конференц-залында жалғасты. Пленарлық отырысты ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ашып, семинардың негізгі мақсаты – ғылыми әзірлемелерді агроөнеркәсіптік кешенге енгізудің практикалық тетіктерін бірлесе талқылау, сондай-ақ селекция мен тұқым шаруашылығын дамытуға, аграрлық ғалымдар мен ауыл шаруашылығы өндірушілері арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал ету екенін атап өтті.
    – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын дамыту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Қазақстанның болашағы мұнай мен минералдарда емес, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған аграрлық салада, – деген Ербол Қуанышұлы аталмыш саладағы қаржыландыру мен субсидиялау мәселесіне тоқталып, дәнді дақылдар мен монодақылдарға, ылғал үнемдеу технологияларын қолданудың маңыздылығына баса назар аударды.
    «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы Бауыржан Асанов өз сөзінде ғылым мен өндіріс арасындағы өзара байланысты жолға қою қажеттігін алға тартты. Оның айтуынша, отандық аграрлық ғалымдардың жақсы әзірлемелері бар, ендігі маңызды міндет – оларды өндіріске енгізу.
    Шолпан Оразқызы биыл институттың алғаш рет уақытылы қаржылан­дырылғанын жеткізіп, аграрлық ғылымға тиісті қолдау көрсетілсе, ғалымдардың үлкен жетістіктерге жете алатынын айтты.
    Баяндамалар легін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-дің мал азығы дақылдары зертханасының бас ғылыми қызметкері Ғалиолла Мейірман жалғастырды. Ол малға арналған дақылдарды селекциялау және тұқым шаруашылығы бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар «Жетісу» АӨК және «Абзал и К» ТС сияқты шаруашылықтардың озық тәжірибелері таныстырылды. Семинар барысында өзекті мәселелер де талқыланды.
    Айта кету керек, семинар-кеңес тәжірибе алмасуға және тиімді шешімдер қабылдауға арналған маңызды алаңға айналды. Оның аясында атқарылған жұмыстар аграрлық ғылымның, жалпы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң ықпал етеді деп сенеміз.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысы суға батқандар саны бойынша алдыңғы орында

    Алматы облысы суға батқандар саны бойынша алдыңғы орында

    3 years ago
    Әскери өмірмен танысты

    Әскери өмірмен танысты

    7 months ago
    Адал іс өрге бастайды

    Адал іс өрге бастайды

    7 months ago
    Тұрақтылықтың берік тірегі

    Тұрақтылықтың берік тірегі

    2 weeks ago
    ҚОС БАҚЫТТЫҢ БЕЛЕСІ

    ҚОС БАҚЫТТЫҢ БЕЛЕСІ

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>